| Тобыл наменгерлігі | |||
| |||
| Әкімшілігі | |||
|---|---|---|---|
| Ел | |||
| Әкімшілік орталығы | Тобыл | ||
| Тарихы мен географиясы | |||
| Құрылған уақыты | 30 қаңтар 1782 | ||
| Таратылған уақыты | 23 желтоқсан 1796 | ||
| Тұрғындары | |||
| Тұрғыны | 514700 адам (1785) | ||
|
| |||
Тобыл наменгерлігі — 1782-1796 жж. Сібір аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірлік.
Тарихы
1782 ж. 19 қаңтардағы №15327 «Тобыл және Томбы екі облысынан Тобыл Наменгерлігін құру туралы және оларды уездерге бөлу туралы» атаулы қаулысымен таратылған Тобыл шет аймағының аумағынан құрылды.
1785 жылы Тобыл наменгерлігі екі облыстан: Тобыл және Томбыдан тұрды.
Тобыл облысына 10 уез кіреді:
- Березов
- Есіл
- Қорған
- Омбы
- Сургут
- Тара
- Тобыл
- Турин
- Түмен
- Яулытура
- Пелым бейуезді қаласы (Турин уезі)
- Есіл шебін құрайтын 11 бекініс (Қорған, Есіл және Омбы уездерінің оңтүстік шекарасы)
Томбы облысына 6 уез кірді:
- Ашына
- Енисей
- Қайың
- Нарым
- Томбы
- Тұрухан
Тобыл облысында келесі қалалар: Омбы - Омбы бекінісінен, Есіл - Коркина қала жанындағы ауылынан, Қорған - Қорған қала жанындағы ауылынан (Царево Городище қала жанындағы ауылы), Яулытура - Яулытура бекінісінен қайта құрылды.
1796 жылы Тобыл наменгерлігі таратылды. Наменгерліктің аумағы жаңадан құрылған Тобыл губерниясына берілді.
Наменгерліктің жетекшілері
Генерал-губернаторлар
- 1781—1788 — Кашкин Евгений Петрович, генерал-поручик
- 1789—1796 — Волков Алексей Андреевич, генерал-поручик
Наменгерліктің басшылары
| Тегі, аты, әкесінің аты | Атағы, шені, лауазымы | Лауазымды орындау уақыты |
|---|---|---|
| Осипов Григорий Михайлович | генерал-майор | |
| Желтухин Федор Федорович | статтық кеңесші | |
| Протопопов Сергей Иванович | статтық кеңесші | |
| Алябьев Александр Васильевич | нақты статтық кеңесші | |
| Толстой Александр Григорьевич | нақты статтық кеңесші |
Әдебиет
- Губерниялық қызметкер немесе генерал-губернаторлардың, басшыларының, билеушінің поручиктерінің, қылмыстық және азаматтық палаталардың төрағалары мен 47 наменгерліктегі (губерниялардағы) ақсүйек көшбасшылардың тізімі. (1777—1796 ж.) / Құрастырған кінәз Н.Түркістанов. — Санкт-Петербург: типография В. В. Нусвальта, 1869
- Бұрынғы Тобыл наменгерлігі туралы. 1782—1797 жылдары. Н. А. Абрамов. «Катков пен Ко» университеттік баспахана. Мәскеу. 1869
- Түмен облысының әкімшілік-аумақтық бөлінуі (XVII-XX ғғ.) / В. П. Петрова — Түмен, 2003. — Б. 14. — 304 б. — 1000 таралым. — ISBN 5-87591-025-9.
- Сібір тарихы
- Ресей империясы наменгерліктері
