| Том Хупер | |
| ағылш. Tom Hooper | |
| Том Хупер (2010) | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған кездегі есімі | Томас Джордж Хупер |
| Туған күні | 5 қазан 1972 (54 жас) |
| Туған жері | Лондон, Ұлыбритания |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | режиссёр |
| Белсенді жылдары | 1990 — қазіргі уақыт |
| Марапаттары | «Оскар» (2011) |
| IMDb | |
Ортаққордағы Том Хупер | |
Томас (Том) Джордж Хупер (ағылш. Thomas George Hooper; 5 қазан 1972,Лондон, Ұлыбритания) — британдық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. «Патшаның сөзі» фильмі үшін Үздік режиссер номинациясы бойынша «Оскар» лауреаты (2011).
Өмірбаяны
Том Хупер 1972 жылы Лондонда Мередит пен Ричард Хупердің отбасында дүниеге келген. Мередит аустралиялық жазушы және мұғалім, ал Ричард ағылшын кәсіпкері болды. Хупер Хайгейт (Highgate School) және Вестминстер (Westminster School) мектептерінде білім алған.
13 жасында ол ағасы сыйға тартқан 16 мм «Bolex» камерасына өзінің «Боялған беттер» атты алғашқы қысқаметражды фильмін түсірді. Фильм 1992 жылы «Channel 4» арнасыда көрсетілді. Фильмнің өндірісін кинорежиссёр Пол Уайланд жартылай қаржыландырды.
2009 жылы «Лидс Юнайтед» футбол клубының тарихын баяндайтын «Қарғыс Юнайтед» фильмі шықты. 2010 жылы Хупер «Патшаның сөзі» фильмін басқарды, ол төрт «Оскар», соның ішінде «Үздік фильм» жүлдесін жеңіп алды. Хупердің өзі «Үздік режиссер» номинациясында «Оскар» алды.
Фильмография
толықметражды фильмдер
| Жыл | Қазақша аты | Түпкі аты |
|---|---|---|
| 2004 | Қызыл шаң | Red Dust |
| 2009 | Қарғыс Юнайтед | The Damned United |
| 2010 | Патшаның сөзі | The King's Speech |
| 2012 | Аласталғандар | Les Misérables |
| 2015 | Даниялық қыз | The Danish Girl |
| 2019 | Мысықтар | Cats |
- 5 қазанда туғандар
- 1972 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Лондонда туғандар
- Алфавит бойынша кинорежиссёрлер
- Ұлыбритания кинорежиссёрлері
- Алфавит бойынша сценарийшілер
- Ұлыбритания сценарийшілері
- Алфавит бойынша кинопродюсерлер
- Ұлыбритания кинопродюсерлері
- Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері
- Тәуелсіз рух сыйлығының иегерлері
- Алтын таңқурай сыйлығының иегерлері
- Эмми сыйлығының иегерлері