Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Томан би (1724–1814) — Қазақтың XVIII ғасырдағы айтулы дана, дара билерінің бірі — толымды топ жарған Томан би. Жастабан-Бегімбет елінің Жолабайдан кейінгі екін

Томан би

  • Басты бет
  • Томан би

Томан би (1724–1814) — Қазақтың XVIII ғасырдағы айтулы дана, дара билерінің бірі — толымды топ жарған Томан би. Жастабан-Бегімбет елінің Жолабайдан кейінгі екінші ұлағатты ұлы биі. Томан 1724 жылы туып, 1814 жылы 90 жасында қайтыс болады.

«Тұлпар дүлдүлдігімен танылады, адам бірлігімен танылады», ‐ деп Томан би айтқан, аталы сөздер өте көп. Оның көпшілігі мақал-мәтелдерде, нақылдарға айналып, ел ішіне кеңінен таралып кеткен. Соның кейбір қысқа, әрі нұсқасын үлгі ретінде айталық:

«Көсеу ұзын болса, қол күймейді, ағайын көп болса жан тимейді».

«Болдым, толдым дегеннің түбіне көр жетеді, жарлы байып, жас толқын ер жетеді».

«Құлақ естігенді көз көреді, атқан оқ ажалдыға кез келеді.»

«Жалған достан сақтан, қалған астан сақтан».

«Досы өткірді жау алмас, сөзі өткірді дау алмас».

«Әділеттілік — кісілікте, әдептілік — кішілікте».

«Жақсымды айтты деп дос деме, жаманымды айтты деп қас деме».

«Жолдас болсаң сұмға, отырғызар құмға».

«Жасық, жаман туған көп езден, асыл туған бір ер артық».

«Өтірікке өлмейсің, Қиянатқа көнбейсің. Шындықты айт шырқырап, Отқа салса күймейсің. Суға салса батпайсың».

«Сот дегеніміз — шот, Бүкірді шауып тастайды, Халықты әділдікке бастайды».

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Мамыр 22, 2026

    Урицкий ауданы

  • Мамыр 05, 2026

    Қарлұқ хандығы

  • Сәуір 19, 2026

    Өгем (өзен)

  • Сәуір 15, 2026

    Эгей мәдениеті

  • Наурыз 29, 2026

    Ас қорыту жүйесі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары