Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

49°48′ с. е. 63°43′ ш. б. / 49.800° с. е. 63.717° ш. б. / 49.800; 63.717 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°48′ с. е. 63°43′ ш. б. / 49.800° с. е. 63.717° ш. б. / 49.8

Торғай ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Қазақстан ауданы
Жангелді ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Қостанай облысы

Аудан орталығы

Торғай

Ауылдық округтер саны

12

Ауыл саны

20

Әкімі

Дінмұхамед Серікұлы Бидашев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Торғай ауылы, Алтынсарин көшесі, №4

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°48′ с. е. 63°43′ ш. б. / 49.800° с. е. 63.717° ш. б. / 49.800; 63.717 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°48′ с. е. 63°43′ ш. б. / 49.800° с. е. 63.717° ш. б. / 49.800; 63.717 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928 жыл

Жер аумағы

37,6 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

10 759 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (99,72%)
татарлар (0,09%)
орыстар (0,09%)
басқалары (0,1%)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

10

Жангелдин ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Жангелді ауданы

Жангелді ауданы (1928–1956 жылдары Торғай ауданы) — Қостанай облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 37,6 мың км². Аудан орталығы – Торғай ауылы.

Географиялық орны, жер бедері

Солтүстігінде Қамысты, Науырзым аудандарымен, шығысында Амангелді ауданымен, батысында Ақтөбе облысының Ырғыз, Әйтеке би аудандарымен, оңтүстігінде Ұлытау облысының Ұлытау ауданымен шектеседі.

Жангелді ауылының жері негізінен Торғай даласы деп аталатын шөлейт даланы алып жатыр. Солтүстік-батысы теңіз деңгейінен биіктігі 210 – 310 метр бойлық бағыттағы Теке, Қызбел, Жыланды және Қарғалы таулары орналасқан Торғай үстіртінің оңтүстік-батыс шетін қамтиды. Жер бедерінің жалпы еңісі оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай бағытталған. Торғай мен Ұлы Жыланшық өзендерін бойлай Айғырқұм, Тосын және Аққұм құмдары жатыр. Кен байлықтарынан құрылыс материалдары кен орындары бар.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық. Қаңтардағы орташа ауа температурасы –16 – 17°С, шілдеде 22 – 25°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 225 – 275 мм. Жерінің топырағы негізінен қызғылт қоңыр, бозғылт қоңыр, оңтүстігінде сортаң және құмдақ келеді. Дала өсімдігінен далада қау, шағыр, жусан, сүтемген, бидайық, өзен бойлары мен сай-салаларда тал, жиде, жүзгін, қамыс, құрақ өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, жабайы шошқа, ақ бөкен, сарышұнақ, ондатр кездеседі; құстардан қаз, үйрек, аққу, бүркіт, кезқұйрық, шағала, қызғыш бар.

Жангелді ауданы ауа райы
Көрсеткіш Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел
Орташа температура, °C −12,7 −11 −2,7 8,7 17,3 22,9 24,7 23,6 16,4 7,3 −2 −9
Жауын-шашын нормасы, мм 21 19 26 21 22 18 25 18 13 25 25 28

Су торабы

Жер беті сулары Торғай, Өлкейек, Ұлы Жыланшық және Теке өзендерінің салаларынан және ащылы-тұщылы көлдерден тұрады. Торғайдың Қабырға тармағы жаз бойы суалмайды. Ірі көлдері: Ақкөл, Жаман Ақкөл, Сарықопа, Жаркөл, Ащытастысор.

Халқы

19391959197019791989199920092021
 1274114629210772472828765205331569011838

Тұрғындар саны – 12 251 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 99,71%, татарлар – 0,12%, орыстар – 0,09%, басқа ұлт өкілдері – 0,07%.

Әкімшілік бөлінісі

20 елді мекен 5 ауылдық әкімдік пен 7 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)
Ақкөл ауылдық әкімдігі Ақкөл ауылы1461
Ақшығанақ ауылдық округі Ақшығанақ ауылы1906
Албарбөгет ауылдық округі Көкалат ауылы2683
Аралбай ауылдық әкімдігі Аралбай ауылы1402
Ахмет Байтұрсынұлы ауылдық әкімдігі Ахмет Байтұрсынұлы ауылы1487
Жаркөл ауылдық округі Тәуіш ауылы31082
Қаламқарасу ауылдық округі Қаламқарасу ауылы2427
Қызбел ауылдық округі Саға ауылы4764
Сужарған ауылдық әкімдігі Сужарған ауылы1404
Торғай ауылдық округі Торғай ауылы14602
Шеген ауылдық әкімдігі Шеген ауылы1436
Шилі ауылдық округі Шилі ауылы2423

Ірі елді мекендері

АтауыХалқы
(2021)
Торғай 4602
Тәуіш 847
Ақшығанақ 814

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3759,7 мың га (2008), оның ішінде 27,8 мың га жері егістік, 90,2 мың га шабындық, 338 мың га жайылым. Жангелді ауданында жолаушылар мен жүк тасымалы республикалық маңызы бар Арал – Ырғыз – Торғай – Амангелді – Арқалық автомобиль жолдары арқылы жүзеге асырылады.

Жангелді ауданы – тарихи өлке. Ә. Жангелдиннің революция қызметі, Амангелді Иманов бастаған 1916 жылғы патша үкіметіне қарсы азаттық көтеріліс Торғай даласымен байланысты. Ыбырай Алтынсарин қазақ еліндегі тұңғыш қазақ-орыс мектебін осы ауданда ашты.

Жоғары