| Аудан | |
| Тоң ауданы | |
| Тоң району | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | |
| Әкімшілік орталығы | Боқонбаев ауылы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Уақыт белдеуі | UTC+6 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 49 130 адам (2009) |
| Ұлттық құрамы | қырғыздар — 98,0 %, |
| Ресми тілі | |
|
| |
Тоң ауданы (қыр. Тоң району) — Қырғыз Республикасындағы Ыстықкөл облысының батысында орналасқан әкімшілік бірлік.
Әкімшілік орталығы — Боқонбаев ауылы.
Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша қырғыздар 49130 аудан тұрғындарының ішінен 48136 адамды құрайды (немесе 98,0 %), орыстар — 838 адам (1,7 %), басқалары — 156 адам (0,3 %).
Елді мекендері
Тоң ауданының құрамына 9 айылдық (селолық) округ, 30 айыл (ауыл) кіреді:
- Ақ-Терек айылдық округі: Қара-Қау а. (орталығы), Ала-Баш, Бар-Бұлақ, Ден-Талаа, Комсомол (Қалқағар), Қызыл-Ту
- Кел-Тер айылдық округі: Тоғыз-Бұлақ а. (орталығы), Кел-Тер, Коңыр-Өлең
- Көк-Мойноқ айылдық округі: Ақ-Өлең а. (орталығы), Көк-Мойноқ-Бірінші, Көк-Мойноқ-Екінші
- Болот Мамбетов айылдық округі: Эшперово а. (орталығы), Жер-Үй, Ақ-Сай, Кек-Сай
- Күн-Чығыш айылдық округі: Боқонбаева. (орталығы), Арчалы
- Тоң айылдық округі: Тоң а. (орталығы), Ақ-Сай, Қажы-Саз
- Терт Көл айылдық округі: Төрт-Көл а. (орталығы), Темір Қанат, Тура-Су
- Ұлакөл айылдық округі: Оттық а. (орталығы), Қара-Тала, Қара-Шаар, Тура-Су, Шор-Бұлақ
- Қажы-Сай айылдық округі: Қажы-Сай а.
Белгілі тумалары
- Саяқбай Қаралаев (1894-1971) — қырғыз ақыны және манасшы.
- Жүсіп Тұрұсбеков (1910-1944) — қырғыз ақыны, драматург, қырғыз поэзиясы мен драматургиясының негізін салушылардың бірі. Ұлы Отан соғысы фронтында қаза тапты.
- Азиз Салиев (1924-2012) - Академик, Профессор, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
- Толомуш Океев (1935-2001) — кинорежиссер, КСРО халық әртісі (1985).
- Жұмаш Эшперов (1938-2003) — еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, ҚР ЖК депутаты (1991-1994).
- Таштанбек Акматов (1937) — екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қырғыз КСР Жоғарғы Кеңес Президиумының Төрағасы.
- Социалистік Еңбек Ерлері Қайыр Мұқашева, Үміткер Рысмамбетова, Макеш Саяқбаев, Сүйімқан Қожобекова.
- Бексұлтан Жақиев (1936 ж. д.к.) — драматург, ҚР халық жазушысы.
Санат:
- Тоң ауданы
