Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

42°78′ с. е. 89°34′ ш. б. / 43.300° с. е. 89.567° ш. б. / 43.300; 89.567 (G) (O) (Я) Координаттары: ендіктің минуты >= 60

Турфан қазаншұңқыры

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

42°78′ с. е. 89°34′ ш. б. / 43.300° с. е. 89.567° ш. б. / 43.300; 89.567 (G) (O) (Я) Координаттары: ендіктің минуты >= 60

Турфан қазан шұңқыры немесе Турфан ойпаты - қыт. 吐魯番盆地, уйғырша تۇرپان ئويمانلىغى, Турпан ойманлиғи - Батыс Қытайдағы Шығыс Тянь-Шань сілемдерінің тектоникалық ойпаты.

Сипаттамасы

Қытайдың оңтүстік-батысында жатыр. Мұнда Орталық Азиядағы ең төмен ойыс (–154 м) орналасқан. Тұрфан қазаншұңқырының ұзындығы 200 км, ені 70 км.

Мезокайнозойдың құм-сазынан түзілген. Түбі - сор.

Климаты

Турфан қазаншұңқырының касындағы қалыпты көрініс

Климаты - тым континентті. Жазы ыстық, шілдеде орташа температура 33 °С, ең жоғарысы 47,6 °С. Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы -9,6 °С. Жылдық жауын-шашыны 20 мм.

Өсімдік жамылғысы өте кедей: шөл мен сорда өсетін өсімдіктер құрайды. Шеткі жақтарында шұраттар (оазистер) кездеседі.

Турфан қаласы бар.

Тарихы

Гаочан көне қаласының қираған қалдықтары.

Ежелгі Гаочан қаласы Ұлы Жібек жолының маңызды бекеті болған. Қала тарихы б.з.д. 1 ғасырдан басталады. 14 ғасырларды қала соғыстың нәтижесінде өртке салынып жойылған.

Турфан қаласынан 30 км қашықтықта орналасқан Безеклік Мың Будда тау үңгірінің қабырғаларында Тан әулетінен Юань әулетіне дейінгі кезеңде салынған көптеген фрескалардың тарихшылар үшін маңызы зор. 77 белгілі тау үңгірлерінен 40-нда фрескалар табылған.

Гаочан қаласынан 6 км қашықтық шамасында ақсүйектер, мемлекет қайраткерлерін жерлеген мазар табылған. Мазарат шамасымен Цзинь әулеті тұсынан Тан әулетінің билігінің ортасына дейін болған.

Тағы қараңыз

  1. Депрессия (география)
Жоғары