Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Тұйықсу мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Кіші Алматы өзенінің бастауында, оншақты глетчерден тұратын мұздықтар (Молодежный, Тури

Тұйықсу мұздығы

  • Басты бет
  • Тұйықсу мұздығы

Тұйықсу мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Кіші Алматы өзенінің бастауында, оншақты глетчерден тұратын мұздықтар (Молодежный, Туристер мұздығы, Маяковский, т.б.) мен асулар (З.Космодемьянская, Орджоникидзе, Маяковский, Партизан, т.б.) қоршап жатыр.

Тұйықсу мұздығы
Сипаттамасы
ТүріТаулы мұздық
Ауданы3,1 км²
Ұзындығы3,5 км
Орналасуы
43°14′28″ с. е. 77°26′53″ ш. б. / 43.241° с. е. 77.448° ш. б. / 43.241; 77.448 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°14′28″ с. е. 77°26′53″ ш. б. / 43.241° с. е. 77.448° ш. б. / 43.241; 77.448 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАлматы облысы
Тұйықсу мұздығы
Тұйықсу мұздығы (Алматы облысы)
Тұйықсу мұздығы

Жер бедері

Пішіні таға тәріздес келген мұздық оңтүстіктен солтүстікке қарай 3,5 км-ге созылған, енді жері 1,5 км-ге жетеді, төменгі бөлігінде жіңішкеріп (мұздық тілі) 0,3 – 0,5 км ғана болады. Ашық жатқан бөлігінің ауданы 3,1 км2. Соңғы он жыл ішінде орташа қар сызығы 3040 м биіктіктен өткен. Мұздықтың көлемі 150 млн. м3. 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап аумағы жылына орта есеппен 10 м-ге шегініп келеді. Кішірею нәтижесінде соңғы морена мен мұздық тілі аралығында еріген мұздан жаз айларында шағын көлшіктер пайда болады. Мұздықтың еріген суы төмен Мыңжылқы аңғарына жиналып, Кіші Алматы өзенінің бастауын құрайды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 27, 2026

    1917 жылғы екі революция кезеңіндегі Қазақстан

  • Сәуір 02, 2026

    Омыртқасыз жануарлар

  • Наурыз 14, 2026

    Митоз

  • Наурыз 22, 2026

    Театр

  • Наурыз 21, 2026

    Ұлпа

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары