| Тәжікстан Республикасының туы (тәж. Парчами Тоҷикистон/Parçami Tojikiston/پَرچَمِ تاجِیکِستان) | |
| | |
| Қабылданған | 24 қараша 1992 |
|---|---|
| Қолдануы | құрлықтағы барлық қолданылулар; кемелерде қолданылады |
| Пропорция | 1:2 |
| Авторлығы | |
| Ту авторы | Зуһур Һабибуллоев |
| Дизайны | Ортасында үстінде 8 жұлдыз салынған тәж салынған, көлденең орналасқан жасыл, ақ және қызыл түсті триколор. |
|
| |
| Қолдануы | Президенттік штандарт |
| Пропорция | 1:2 |
Тәжікстан туы (тәж. Парчами Тоҷикистон) — Тәжікстан Республикасының мемлекеттік рәмізі. Ол 1992 жылы қараша айында қабылданды, және орталығында алтын тәж салынған үш түсті триколор болып келеді.
Тәжік туының түстері мен 1:2 пропорциясы Тәжік КСР туымен бірдей. Байрақ күні оның қабылданған күнінде, 24 қараша күні тойланады.
Дизайны
Тәжікстан туы қызыл, ақ және жасыл түстерінің триколоры болып келеді. Түстердің мағынасы жайлы көптеген түрлі теориялар бар, көбісі тарихи мағыналарға сүйеніп жазылған. Тәжікстан туының түстері оның ізашары, Тәжік КСР туының түстеріне ұқсас.
Бір теория бойынша, қызыл түсі бостандық пен тәуелсіздікті білдіреді; ақ түсі бейбітшілік пен тыныштықты және жасыл түсі молшылықты және дамуды білдіреді. Оған қоса Тәжікстанда жасыл түсімен табиғатты, Ислам дінін және Наурыз мейрамын байланыстырады. Түстердің халықтың иерархиясын білдіреді деген тұжырымдама да бар; бұл теория бойынша қызыл еңбек істейтін халықты, ақ түсі интеллектуалды жұмысшыларды және жасыл түсі ауыл шаруашылығымен айналысатындарды білдіреді.
Жасыл мен қызыл жолақшалары аумағы бойынша тең болғанымен, ортадағы ақ жолақ олардан бір-жарым рет үлкенірек.
Тудың үш түсін тағы Иран туында да табуға болады; бұл екі халықтың тарихи, лингвистикалық және этностық жақындығын көрсетеді.

Триколордың ортасында алтын тәж бейнеленген. Тәж Саманид мемлекетін және тәжік халқын білдіреді, өйткені "тәжік" этнонимы парсы тілінің "тадж" ("тәж") сөзінен шыққан. Тәждің үстінде 7 жұлдыз орналасқан, өйткені бұл санның тәжік мифологиясында рөлі үлкен, ол бақыт пен мінсіздікті білдіреді.
(1992–қазір) | Ақ | Қызыл | Сары | Жасыл |
|---|---|---|---|---|
| Pantone | Safe | 3546c | 7406c | 2273c |
| CMYK | 0-0-0-0 | 0-100-100-20 | 0-21-100-3 | 100-0-100-60 |
| RGB | 255-255-255 | 205-0-0 | 248-196-0 | 0-102-0 |
| Hexadecimal | #FFFFFF | #CD0000 | #F8C400 | #006600 |
Президенттік штандарт
Тәжікстан президентінің өзінің ресми штандарты тұңғыш рет 2006 жылы, Эмомали Раһмонның 3-ші қайта сайлану рәсімінде қолданылды. Ол тәжік триколорын қолданғанымен, ортасында Деравш Кавиани, сасанидтердің патшалық оюы бейнеленген. Оюдың ішінде көк аспандағы алтын арыстан салынған. Оюдың төрт бұрышында төрт регионды белгілейтін төрт жұлдыз орналастырылған.
Штандарттың ортасында Тәжікстан елтаңбасында бұрын қолданылған символиканы байқауға болады.
Тарихи тулары
Кеңес одағының билігінен бұрын Тәжікстанның және тәжік халқының тулары болмаған.
1929 жылы тәжіктердің тұңғыш туы қабылданды. Бұдан бұрын Тәжік КСР Бұхара Халық Кеңес Республикасының бөлшегі еді; Қазан төңкерісінен бұрын ол Бұхара әмірлігінің құрамында еді.
| 23 ақпан 1929 – сәуір 1929 | Тәжік АКСР тұңғыш туы | 23 ақпан 1929 күні қабылданды. Үстіңгі сол жақтағы бұрышында елтаңбасы орналасқан | |
| сәуір 1929 – 24 ақпан 1931 | Тәжік АКСР туы | ||
| 24 ақпан 1931 – 04 шілде 1935 | Тәжік КСР туы | Латын әліпбиінде «ç.i.ş.toç» жазылған | |
| 04 шілде 1935 – 26 мамыр 1936 | Тәжік КСР туы | Латын әліпбиінде «ÇSS Tocikiston» жазылған | |
| 26 қыркүйек 1936 – 1938 | Тәжік КСР туы | Латын және Кирил әліпбилері | |
| 1938 – 28 қыркүйек 1940 | Тәжік КСР туы | Латын (RSS Tocikiston) және Кирил әліпбилері | |
| 28 қыркүйек 1940 – 1953 | Тәжік КСР туы | Кириллица ғана, тәжік (РСС Тоҷикистон) және орыс тілінде (Таджикская ССР). | |
| 20 сәуір 1953 – 9 қыркүйек 1991 | Тәжік КСР туы | Жазусыз дизайн | |
| 20 сәуір 1953 – 24 қараша 1992 (артқы жағы) 10 қыркүйек 1991 – 24 қараша 1992 | Тәжік КСР соңғы туы | Соңғы қолданылған нұсқасы |
Гиннесс рекордтар кітабында

2011 жылы қыркүйек айында Тәжікстан туы Гиннесс рекордтар кітабына енді. Тәуелсіздіктің 20-жылдық мерейтойында Тәжікстан туы Душанбедегі биіктігі 165 м флагштокқа ілінді. Алдыңғы рекорд Әзірбайжанның 162 метр флагштогында еді. Душанбе флагштогы рекордты 2014 жылға дейін иеленді, қазіргі рекорд иеленушісі — Сауд Арабиясының Жидда қаласының 171 м флагштогы.
- Тәжікстан мемлекеттік рәміздері
- Тулар
- Мемлекеттік тулар