Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Уақас би, Оқас би (туған жылы белгісіз – 1492) — Ноғай ордасының билеушісі, Едігенің немересі. 15 ғасырда Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде көрнекті рөл атқа

Уақас би

  • Басты бет
  • Уақас би

Уақас би, Оқас би (туған жылы белгісіз – 1492) — Ноғай ордасының билеушісі, Едігенің немересі. 15 ғасырда Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде көрнекті рөл атқарған. Әбілхайырдың билікке келуіне көмектесті және оған одақтас болды. Ол бұл одақты Үлкен (Алтын) Орда хандарымен болған күресте өз ұлысының тәуелсіздігін сақтауға пайдаланды. Уақас би біраз уақыт Шайбани әулетінің екінші бір билеушісі Мұстафа ханның Әбілхайырға қарсы күресін қолдады. Дегенмен ол Әбілхайырдың Моғолстанға жорығында Сығанақ, Аққорған, Аркук, Үзгент және Созақ қалаларын алуға қатысты. Сол еңбегі үшін 1446 жылы Үзгент қаласын сыйға алды. Әбілхайырдың өлімінен кейін оның баласы Шейх Хайдар ханға қарсы шықты. Шейх Хайдар қайтыс болып, баласы Мұхаммед Шайбани билікке келісімен Үлкен (Алтын) Орда билеушісі Ахмет хан, Ибақ хан және Уақас би өзара одақтасып, жаңа билеушіні Дешті Қыпшаққа тастап, Түркістанға кетуге мәжбүр болды. Уақас би өзінің туысқаны Қожастың қолынан қаза тапқан.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 23, 2026

    Ағыбай Қоңырбайұлы

  • Сәуір 15, 2026

    Жағалық сызық

  • Сәуір 17, 2026

    Альберт Эйнштейн

  • Сәуір 11, 2026

    Бөген (өзен)

  • Сәуір 07, 2026

    Ресей өлкелері

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары