Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Гривна (укр. гривня, оқылуы (ақп.), қысқартанда грн, ₴, ISO 4217: UAH) — 1996 жылғы 2 қыркүйектен бергі Украинаның ұлттық валютасы. 1 гривна 100 тиынға (укр. ко

Украин гривнасы

  • Басты бет
  • Украин гривнасы

Гривна (укр. гривня, оқылуы (ақп.), қысқартанда грн, ₴, ISO 4217: UAH) — 1996 жылғы 2 қыркүйектен бергі Украинаның ұлттық валютасы. 1 гривна 100 тиынға (укр. копійка) бөлінеді. Оған Киев Русінде қолданыста болған валютаның атауы берілген.

Гривна

укр. Гривня  (укр.)
Hryvnia  (ағылш.)

1 000 гривна банкнотасы 1 гривна монетасы
1 000 гривна банкнотасы 1 гривна монетасы
Кодтар және таңбалар
Кодтар ISO 4217 UAH (980)
Символы ₴
Аббревиатуралар грн.
Айналым шекарасы
Ресми түрде  Украина
Айналымдағы монеталар және банкноталар
Монеталар 50 копійка, ₴1, ₴2, ₴5, ₴10
Банкноталар 20, 50, 100, 200, 500, 1 000
Бонкноталар және монеталар өңдірісі
Эмиссиялық орталық Украина Орталық банкі
https://bank.gov.ua/
Банкнота өңдіруші Украина Орталық банкі
https://goznak.ru/
Бағамдар ХВҚ, ЕОБ және ҚРҰБ мәліметтері бойынша аутоматты түрде жаңартылып отырады.

Мазмұны

Этимологиясы

Гривна аттас валютасы XI ғасырда Киев Русінде қолданыста болды. Валюта атауы славян тілдеріндегі жал дегенді білдіретін грива сөзінен келген болатын. Күміс, не алтыннан жасалған бұл валютаны халық кезінде мойнына тағып жүрген деген гипотеза бар. Болгар мен серб тілдерінде гривна сөзі білезік дегенді білдіреді.

1917 жылы Украина Халық Республикасы Ресейден бөлініп шықты да, мемлекеттік валютасын гривна қылды.

Символы

 
Гривна валютасының символы

Гривна символы — үстінен екі көлденең сызықша салынатын кириллицадағы г әрпінің курсив жазылуы. Екі параллель жолақша қытай юәні (¥), еуро (€) мен үндістандық рупия (₹) символдарындай. Символ Юникодқа 4.1 нұсқасында U+20B4 кодымен 2005 жылы қосылды.

Тарихы

1917 жылғы 22 желтоқсанда Орталық рада Украин мемлекеттік банкін құрды. Украин Халық Республикасының тұңғыш валютасы карбованец (укр. карбованець) болды. 1918 жылғы 5 қаңтарда тұңғыш ресми 100 карбованец банкнотасы басылды; оған мемлекеттік банкінің бірінші директоры Михаил Кривецкий (укр. Михайло Кривецький) қол қойды.

1918 жылғы 1 наурызда Орталық рада гривна атты жаңа валюта жасады. Гривна бағасы бойынша 1/2 карбованецтей тұрды да, 100 шагтан тұрды.

1918 жылғы сәуірде гетман Павел Скоропадский карбованецті қайта Украинаның валютасы қылды. Ол 200 шагтан тұратын және 10, 25, 50, 100, 250 мен 1 000 карбованец болып шығарылатын.

1992 жылы карбованецтің үшінші нұсқасы рубльдің орнын алды. 1990 жылдардағы гиперинфляция себебінен карбованец жылдам бағасын жоғалтты. 1996 жылғы қыркүйекте карбованецтің орнын гривна алды. Осы кездері 1 гривна 100 000 карбованецке тең болды.

Ресейдің Қырымды аннексиялауынан кейін 2014 жылғы 18 наурызда Қырым Республикасы уақытша үкіметі гривнаның келесі айда аймақтан алынатынын хабарлады. 2014 жылғы 21 наурызда оның орнына Ресей рублі келді; гривнаның қолданысына 1 маусымға дейін рұқсат берілді. Ресей рублінің Донбасс аудандарында аз болғанынан аймақтағы Донецк пен Луганск сепаратист құрылымдары Украина гривнасы 2022 жылға дейін қолдана берді.

Монеталары

Украин гривнасы монеталары (1992–)
Суреті Бағасы Техникалық егжей-тегжейі Сипаттамасы Күні
Алды Арты Диаметрі Массасы Құрылымы Ұшы Алды Арты соғылғаны шығарылымы алынуы
    1 копійка 16 мм 1.5 г Тот баспайтын болат Тегіс Бағасы,
ою
Украина Тризубы 1992–2016 2 қыркүйек 1996 2018 жылғы 1 шілдеден бері шығарылмайды. 1, 2 мен 5 копійка монеталары 2019 жылғы 1 қазанда жалпы шығарылымда жоқ болды.
    2 копійка 17.30 мм 0.64 г (1992~1996)
1.8 г (2001–)
алюминий (1992–1996),
Тот баспайтын болат (2001–)
1992–2014
    5 копійка 24 мм 4.3 г Тот баспайтын болат Құрақты 1992–2015
    10 копійка 16.3 мм 1.7 г жез (1992–1996),
алюминилі қола (2001–)
Құрақты Бағасы,
Ою
Украина Тризубы 1992~қазір 2 қыркүйек 1996 Қазіргісі
    25 копійка 20.8 мм 2.9 г Құрақты және тегіс 1992–2016 2018 жылғы 1 шілдеден шығарылмайды. 25 копійка монетасы Украинада заңды тендерден шығып, 2020 жылғы 1 қазаннан шығарылмайтын болды.
    50 копійка 23 мм 4.2 г 1992~қазір Қазіргісі
    1 гривна 26 мм 7.1 г (1995,1996)
6.9 г (2001–)
жез (1995, 1996),
алюминилі қола (2001–)
Жазу: «ОДНА ГРИВНЯ», соғылған жылы 1995~2013 12 наурыз 1997 Қазіргісі, бірақ 2018 жылы жаңа дизайны шықты
    1 гривна 26 мм 6.8 г (2004–2016) Алюминилі қола (2004–2016) Тегіс, жазуы бар ("ОДНА · ГРИВНЯ · Соғылған жылы") Жазу: Украина елтаңбасы; УКРАЇНА 1 ГРИВНЯ; гүлдесте қоршаған соғылған жылы Шіркеу моделін мен асатаяқ ұстаған Владимир Святославич бейнесі 2004–2016 2004
    1 гривна 18.9 мм 3.3 г Никельденген болат Құрышталған Украина
елтаңбасы
,
Бағасы,
Ою
Владимир Святославич 2018 Қазіргісі
    2 гривна 20.2 мм 4.0 г дана Ярослав
    5 гривна 22.1 мм 5.2 г Бөлінген (Тегіс және құрышталған ұшы) Богдан Михайлович Хмельницкий 2019
    10 гривна 23.5 мм 6.4 г Никельденген цинк қорытпасы Құрышталған Иван Степанович Мазепа 2020
Үлгі:Standard coin table notice

Банкноталары

Бағасы [1]
мен өлшемі
Суреті Басты түсі Сипаттамасы Басылған күні Алынған күні
Алды Арты Сутаңбасы Алды Арты
₴1
118 × 63 мм
    Сары-көк Киевтік Ұлы Владимир (шам. 958–1015), Новгород кінәзі мен Киев ұлы кінәзі
Киев Русінің басшысы (980–1015)
Киевтегі I Владимирдің қамал қабырғасы 22 мамыр 2006 1 қазан 2020
₴2
118 × 63 мм
    Қоңыр қызғылт дана Ярослав (шам. 978 – 1054), Новгород кінәзі мен Киев ұлы кінәзі
Киев Русінің басшысы (1019–1054)
Әулие София соборы, Киев 24 қыркүйек 2004
₴5
118 × 63 мм
    Көк Богдан Михайлович Хмельницкий (шам. 1595–1657), Украина гетманы Суботов ауылындағы шіркеу 14 маусым 2004
₴10
124 × 66 мм
    Қызыл күрең Иван Степанович Мазепа (1639–1709), Украина гетманы Киев-Печерск лаврасының Қасиетті Успен соборы 1 қараша 2004
₴20
130 × 69 мм
    Жасыл Иван Яковлевич Франко (1856–1916), жазушы мен саясаткер Львов опера және баллет театры 25 қыркүйек 2018 Қазіргісі
₴50
136 × 72 мм
    Violet Михаил Сергеевич Грушевский (1866–1934), тарихшы мен саясаткер. Орталық рада ғимараты (Киевтің «Мұғалім үйі») 20 December 2019
₴100
142 × 75 мм
    Olive Тарас Григорьевич Шевченко (1814–1861), ақын Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті 9 наурыз 2015
₴200
148 × 75 мм
    Қызғылт Леся Украинка (1871–1913), ақын мен жазушы Луцк бекінісінің кіретін қамалы 25 ақпан 2020
₴500
154 × 75 мм
    Қоңыр Григорий Саввич Сковорода (1722–1794), философ пен ақын Киев-Могила академиясы ұлттық университеті 11 April 2016
₴1,000
160 × 75 мм
    Көк Владимир Иванович Вернадский (1863–1945), тарихшы, философ, натуралист пен ғалым Украина ұлттық ғылымдар академиясы 25 қазан 2019
Үлгі:Standard banknote table notice
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 29, 2026

    Жеңіл атлетика

  • Сәуір 10, 2026

    Қырым (Қостанай облысы)

  • Сәуір 09, 2026

    Арал бекіресі

  • Сәуір 18, 2026

    Ми қыртысы

  • Сәуір 03, 2026

    Жалпы есім

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары