Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Украина туы (укр. Прапор України) — Украинаның мемлекеттік байрағы. Екі көлденең орналасқан, сары және көк түсті бірдей жолақтардан құрылған. Мемлекеттік ту рет

Украина туы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Украина туы
сурет
Қабылданған
  • 1848
  • (пайда болуы)
  • 22 наурыз 1918
  • (ресми түрде қабылданды)
  • 24 тамыз 1991
  • (де факто қайта қабылданды)
  • 28 қаңтар 1992
  • (қазіргі дизайны)
Қолдануы

Мемлекеттік ту

Пропорция

2:3

Дизайны

Сары және көк түсті көлденең биколор

Қабылданған

20 маусым 2006

Қолдануы

Әскери теңіз

Пропорция

2:3

Украина туы (укр. Прапор України) — Украинаның мемлекеттік байрағы. Екі көлденең орналасқан, сары және көк түсті бірдей жолақтардан құрылған. Мемлекеттік ту ретінде бұл дизайн ең бірінші рет Львов Ратушасының басында 1848 жылғы революциялар заманында қолданылды. Сол кезден бері ол украиндардың бейресми туы болып келген. Ресми түрде ол 1918 жылы көп жасай алмаған Батыс Украина Халық Республикасының байрағы болды, кейінірек ол Украина Халық Республикасының және Екінші дүниежүзілік соғыстан бұрын Карпаттық Украинаның да туы болды.

Украина Кеңес Одағының құрамына енгенде биколор жойылды, оның орнына жаңа социалистік дизайн қолданылды. Тәуелсіздіктің алынғанынан бері ту қайта қабылданды. 23 тамыз Украинада ресми түрде Мемлекеттік Ту күні тойланады.

Дизайны

Украина заңы бойынша байрақтың түстері «сары және көк». Төменде берілген кестеде DSTU 4512:2006 техникалық айрықшалауы бойынша Украина туының түстері берілген:

Scheme Көкшіл Сары
Pantone 2935 C жабылған пантон Сары 012 C жабылған пантон
RAL 5019 Зеңгір (лазурь түстес) 1023 алтын түсті
RGB color model 0, 87, 183 255, 215, 0
CMYK 100, 63, 0, 2 0, 2, 100, 0
HEX #0057b7 #ffd700
Websafe #0066cc #ffcc00

Көк түсінің реңкімен байланысты түсініспеушілік болып жатады. 2013 жылы білгір Дмитро Малаков аспан реңкті көк қолданылу керек деп санады, өйткені геральдика ережелері бойынша қара көк түсін қолдану ұсынылмайды. Украина Геральдика қоғамы осымен келіспеді, геральдика ережелері жалауларға тиісті емес деп айтып кетті.

Қолданылуы

Тігінен ілінген нұсқасы

Тігінен орналастыру

Көлденең форматтан басқа тағы тігінен қойылған нұсқасы да көптеген ғимараттарда, соның ішінде Верховна Рада сыртында, қолданылады. Дұрыс пропорциялары ресми түрде анықталмаған. Баннер сияқты ілінгенде, көк түсті жолағы әрқашан да сол жағында қойылады. Тігінен тұрған тутұғырда ілінгенде, көк түсті жолағы оған қарама-қарсы болу керек.

Декорация

Шашағы жайлы ешқандай ережелер қабылданбаған. Көбінесе әскер, күзет, теңіз және әуе қарулы күштері шашақты тек рәсімдерде қолданады, ал Президент кеңсесі және жергілікті билеушілер әр жағдайда тек шашақты нұсқасын қолданады.

Көтерілетін күндері

Львов Опера театрының үстіндегі Украина туы

Украина байрағы осы күндері көтеріледі:

  • 1 қаңтар: Жаңа жыл
  • 7 қаңтар: Рождество
  • 22 қаңтар: Украина Бірлік күні
  • 8 наурыз: Халықаралық әйелдер күні
  • 1 & 2 мамыр: Халықаралық Жұмысшылар күні
  • 9 мамыр: Жеңіс күні
  • 28 маусым: Конституция күні
  • 23 тамыз: Ту күні
  • 24 тамыз: Тәуелсіздік күні
  • 21 қараша: Бостандық және Адамгершілік күні
  • 6 желтоқсан: Қарулы күштер күні
  • 25 желтоқсан: Рождество

Жартылай түсірілетін күндері

  • Қарашаның 4-сенбісі: Голодомор құрбандарының еске алу күні
  • Басқа да тарихи оқиғалар: апаттар, Донбасстағы соғыс және Еуромайдан; Лех және Мария Качиньскилердің өлімі, жерленуі, Рим папасы II Иоанн Пол жерленуі және 11 қыркүйек апаты.

Тарихы

Жоғары