Фосфор екі түрлі оксид түзеді: Р2O3 және Р2O5
Фосфордың оксидтері димерленген күйінде жүреді, яғни Р4О6, Р4О10
Алынуы
фосфорды жағу арқылы:
- 4Р + 3О2 = 2Р2О3 (оттегі жетіспегенде)
- 4Р + 5О2 = 2Р2О5→Р4О10 (оттегі артық болғанда)
Химиялық қасиеттері
Фосфор (V) оксиді - қышқылдық оксид, су тартқыш, ақ қопсыған ұнтақ.
1) сумен әрекеттесіп қышқыл түзеді
- Р2О5 + Н2О = 2НРО3 метафосфор қышқылы
- Р2О5 + ЗН2О = 2Н3РО4 ортофосфор қышқылы
2) негізбен әрекеттесіп тұз бен су түзеді
- Р2О5 + 6NaOH = 2Na3PО4+ ЗН2О натрий ортофосфаты
3) негіздік оксидпен тұз түзіледі
- Р2О5 + ЗСаО = Са3(РО4)2 кальций ортофосфаты
Қолданылуы
Р2О5 - су тартқыштығы (гигроскопиялық) жоғары болғандықтан газдарды құрғату үшін қолданылады.
Санаттар:
- Фосфор қосылыстары
- Оксидтер