Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Франц-Иосиф жері — Баренц теңізінің солтүстігіндегі топарал. Әкімшілігі жағынан Ресейдің Архангельск облысына қарайды. Аудандық 16,1 мың км. Франц-Иосиф жері ке

Франц-Иосиф жері

  • Басты бет
  • Франц-Иосиф жері

Франц-Иосиф жері — Баренц теңізінің солтүстігіндегі топарал. Әкімшілігі жағынан Ресейдің Архангельск облысына қарайды. Аудандық 16,1 мың км. Франц-Иосиф жері кең әрі терең бұғаздар арқылы үш бөлікке бөлінеді: Шығысы басқалардан Австрия бұғазы арқылы бөлінген. Ірі аралдары — Вильчек жері, Греэм-Белл және Ла Ронсьер; Орталығы Австрия бұғазы мен Британ каналының аралығында, аралдардың көпшілігі осында; Батысы— Британ каналынан батысқа қарай, мұнда Франц-Иосиф жеріндегі ең ірі арал — Георг Жері мен Александра жері орналасқан. Топаралдың 90%-ын мұздықтар алып жатыр. Ең биік жері — Винер-Нойштадт аралында (620 м). Франц-Иосиф жерінің жер бедері — базальт жабындылардан тұратын тілімделген үстірт; жағалаулары — бұғаз суымен шайылған құламалы жартастар. Юра кезеңінен қалған қоңыр көмір қабаттарының шөгінділері кездеседі. Климаты мұхиттық, суық. Қаңтардың орташа температурасы –24°С, шілдеде — 1,5 — 0,7°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері- 500 — 700 мм, көбіне қар түрінде түседі. Жазда мұздан босаған аумақтарда грунт 40 см-ге дейін ериді. Өсімдік түрі мардымсыз — мүк, қына, полюс көкнәрі, полюс талы, тасжарған өседі. Жануарлардан ақ аю, полюс түлкісі, суларында итбалық, теңіз қояны, морж мекендейді, оңтүстігінде құс базары кездеседі. Франц-Иосиф жерін 1873 ж. К.Вайпрехт және Ю.Пайер басқарған Австрия-Венгрия экспедицияны ашып, Австрия императоры Франц-Иосифтің есімін берген. Топарал 1926 ж. КСРО аумағына енді.

Франц-Иосиф жері
Сипаттамасы
Аралдар саны192
Ірі аралыГеорг жері
Жалпы ауданы16 134 км²
Ең биік нүктесі620 м
Тұрғындар 0 адам
Орналасуы
81° с. е. 55° ш. б. / 81° с. е. 55° ш. б. / 81; 55 (G) (O) (Я)Координаттар: 81° с. е. 55° ш. б. / 81° с. е. 55° ш. б. / 81; 55 (G) (O) (Я) (T)
АкваторияСолтүстік Мұзды мұхиты
Ел Ресей
АймақАрхангельск облысы
Франц-Иосиф жері (Ресей)
Франц-Иосиф жері
Франц-Иосиф жері (Архангельск облысы)
Франц-Иосиф жері
Франц-Иосиф жері Ортаққорда
Франц-Иосиф жері
Ғарыштан сурет
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 21, 2026

    Атмосфера

  • Сәуір 06, 2026

    Қос жарнақтылар

  • Сәуір 17, 2026

    Абай кесенесі

  • Наурыз 23, 2026

    Химиялық реакциялар

  • Сәуір 04, 2026

    Паули принципі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары