Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Фредерик Жолио-Кюри(1900-1958) - Францияның аса көрнекті ғалымы, бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Жолио-Кюри өзінің зайыбы Ирен

Фредерик Жолио-Кюри

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Фредерик Жолио-Кюри

Фредерик Жолио-Кюри(1900-1958) - Францияның аса көрнекті ғалымы, бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Жолио-Кюри өзінің зайыбы Иренмен бірге 1934 жылы жасанды радиоактивтілікті ашты.Нейтрондардың ашылуы үшін Кюрилердің α-бөлшектердің әсерімен бериллидің сәуле шығаруын зерттеу жұмыстарының маңызы зор болды.Фредерик Жолио-Кюри 1939 жылы өзінің қызметтестерімен бірге алғашқы рет уран атомы ядросы ыдырағанда ұшып шығатын нейтрондардың орташа санын анықтады және тізбекті ядролық реакция болуының принциптік мүмкіндігін көрсетті.

Жоғары