Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Хауа ана — Ислам бойынша адамзаттың анасы, Құран Кәрім аңыздарының кейіпкері, Адам Атаның (салла-л-лаһу алейһи уаа сәллам) зайыбы.

Хауа ана

  • Басты бет
  • Хауа ана

Хауа ана — Ислам бойынша адамзаттың анасы, Құран Кәрім аңыздарының кейіпкері, Адам Атаның (салла-л-лаһу алейһи уаа сәллам) зайыбы.

Аңыздарда Хауа ана аталуының себебін Адам Атаның қабырғасынан, тірідей жаратылуымен (хауа - тірі) байланыстырады. Хазірет Хауа ана теңдесі жоқ сұлу, көрікті болады. Адам Ата (салла-л-лаһу алейһи уаа сәллам) оған ерекше ынтызар болып, мейірім махаббаты түседі. Құтба оқылып, некесі қиылғаннан кейін екеуі ерлі-зайыпты болып, жаннатта мамыражай ғұмыр кешіп жатады.

Ібілістің азғыруына ілескен Хауа ана тыйым салынған жемістен дәм татып, Адам Атаны (салла-л-лаһу алейһи уаа сәллам) да одан жеуге үгіттеп көндіреді. Осы күнәларының себебімен Құдайдың каһарына ұшырап, екеуі пейіштен шығарылған соң, күнәларына кешірім табу үшін жер бетіне жіберіледі.

Араб еліндегі Джидда тауына келіп түскесін, жасаған күнәсына налып, үш жүз жылын жылаумен өткізеді. Ақырында Қағбаға келгесін Аллаһ күнәларын кешіріп, Адам Атаға қосылады. Хауа ана бір ұл, бір қыздай егіз қылып, бірнеше ұрпақ дүниеге әкелді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Шілде 10, 2026

    Форт-Уильям (Шотландия)

  • Маусым 07, 2026

    Аңғар Смағұлов

  • Шілде 24, 2026

    Күйреуік материя

  • Сәуір 23, 2026

    Қаныш Сәтбаев

  • Шілде 08, 2026

    Гранада (провинция)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары