Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Хафиз Таныш, Хафиз Таныш Мир Мұхаммед Әл-Бухари (1549/52 – өлген жылы белгісіз) – ақын, жылнамашы-тарихшы.

Хафиз Таныш

  • Басты бет
  • Хафиз Таныш

Хафиз Таныш, Хафиз Таныш Мир Мұхаммед Әл-Бухари (1549/52 – өлген жылы белгісіз) – ақын, жылнамашы-тарихшы.

Негізгі даңқын шығарған еңбегі «Шарафнаме-йи шахи» («Шах даңқы туралы кітап»). Еңбек ұйқасқа құрылған проза жанрында парсы тілінде жазылған. Автор осы кітапта шайбанид Абдаллах ханның жорықтарын жаза отырып, Келес өңірін көп суреттейді. Қазығұрт тауы туралы да көптеген сөздер айтады. Тек осы кітапта Шарапхана да өзен деп аталады. Сол өзеннің бойында өткен бір қайғылы оқиғаны айтқанда да Шарапхананы өзен деп көрсетеді. Бір жерінде хан Келес өзенінің Рабат-и Чагат маңындағы тұсына келіп, орда тікті деп көрсеткен. Осы Рабат-и Чагат Келестің қай тұсы екені белгісіз. Хан бұдан кейін Сайрамға аттанған. Соған қарағанда бұл қазіргі Рабат аулы да болуы мүмкін.

1583–85 жылдары Абдолла ІІ-нің сарайында тұрып, Абдолланаме атты еңбек жазған. Онда автор көзімен көрген оқиғаларды ресми деректермен толықтыра отырып, талдау жасайды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Көркем фильм

  • Наурыз 13, 2026

    Көз

  • Сәуір 06, 2026

    Көркем шығарма

  • Сәуір 02, 2026

    Қосөзен (өркениет)

  • Сәуір 02, 2026

    Әзірет Сұлтан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары