( бетінен бағытталды)

Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты – ғылыми-зерттеу мекемесі. Орталық Қазақстандағы металлургия мен химия өнеркәсібі дамуына ғылыми негіз беру мақсатында 1958 жылы құрылған. Құрамында 13 ғылыми-зерттеу лабораториясы бар. Институтты әр жылдары Қазақстан ғылым академиясының академиктері И.Н.Әзірбаев, Е.А.Бөкетов, Ж.Әбішев және В.П.Малышев, Б.С.Фиалков, Б.П.Хасен басқарған.
Институт жұмысының негізгі бағыттары:
- металлургия процестерінің термодинамикасы мен кинетикасы;
- бейорганикалық қосылыстардың физикалық химиясы мен термохимиясы;
- байытудың физика-химиялық негіздерін жасау;
- металлургияның қалдық өнімдерін қайта өңдеу мен одан жаңа материалдар алу жолдары, тағы басқа.
Тағы қараңыз
- Химия
- Химиялық физика
- Химиялық технология
- Химия ғылымдары институты
Санаттар:
- Қарағанды
- Қазақстанның ғылыми мекемелері
- Қазақстан ғылыми-зерттеу институттары