Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Химиялық технология — табиғи шикізаттарды (көмір, мұнай, табиғи газ, ағаш, тағы басқа) химиялық әдістер арқылы тұтыну өнімдеріне және өндіріс құралдарына айналд

Химиялық технология

  • Басты бет
  • Химиялық технология

Химиялық технология — табиғи шикізаттарды (көмір, мұнай, табиғи газ, ағаш, тағы басқа) химиялық әдістер арқылы тұтыну өнімдеріне және өндіріс құралдарына айналдырудың экономикалық тиімді әдістері мен процестері жайындағы ғылым.

Химиялық технология

Зерттейтін объектілері бойынша химиялық технология екіге бөлінеді:

  • бейорганикалық (қышқылдар, сілтілер, сода, силикатты материалдар, минералды тыңайтқыштар, тұздар, т.б.)
  • органикалық (жасанды каучук, пластмассалар, спирттер, органикалық қышқылдар, бояғыш заттар, дәрі-дәрмек, т.б.) заттар технологиясы.

Механикалық технология заттардың сырт пішінін, физикалық қасиеттерін өзгерту әдістерін зерттесе, химиялық технология заттардың құрамы мен құрылысын өзгертудің химиялық әдістерін қарастырады. Химиялық технологияның басты мақсаты - өндірістік процестердің физикалық-химиялық жағдайын зерттеу, технологиялық процестердің сұлбасын жасау, аппараттар мен приборлардың құралымын анықтау және оларды дайындайтын материалдар іздестіру.

Жаңадан жасалған технологиялық процестер ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген, экономикалық жағынан тиімді қажетті технолиялық процестердің техникалық және экономикалық тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштеріне:

  • өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын шикізат пен энергия мөлшері,
  • өнімнің шығыны мен сапасы, еңбек өнімділігі,
  • процестің өндіру қарқыны,
  • өндірісті іске қосуға жұмсалатын қаражат, өнім құны, т.б. жатады.

Химиялық технология әдістері химия, металлургия, құрылыс материалдары мен силикаттар, тері, тамақ, тоқыма, т.б. өнеркәсіп салаларында пайдаланылады.

Өнеркәсіп салалары

Химиялық технология өнеркәсіп салаларына қарай:

  • металдар химиялық технологиясы
  • силикаттар химиялық технологиясы
  • мұнай химиялық технологиясы
  • көмір химиялық технологиясы, т.б. деп бөлінеді.

Тағы қараңыз

  • Химия
  • Химиялық физика
  • Химия ғылымдары институты
  • Химия-металлургия институты
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 24, 2026

    Консументтер

  • Сәуір 07, 2026

    Коневский осередок

  • Наурыз 21, 2026

    Атмосфера

  • Сәуір 12, 2026

    Табиғи каучук

  • Сәуір 09, 2026

    Халықаралық көрме

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары