| |||||
![]() | |||||
| Құрылу | 1931 | ||||
| Елордасы | Ховд | ||||
| Аумағы | 76,100 км² | ||||
| Жұрты • Барлығы (2005) • Жұрт тығыздығы | 91,687 1.2/км² | ||||
| Телефон белгілемесі | +976 (0)143 | ||||
| Автомобилдік нөмірлер | ХОА ХОҮ ХОЕ | ||||
| ISO 3166-2 | MN-043 | ||||
| Веб сайт | www.hovd.gov.mn/ | ||||
Ховд аймағы (моңғ. Ховд аймаг) — Моңғолияның 21 аймағының бірі, батыста орналасқан. 1931 ж. құрылған. Орталығы — Ховд қаласы. Ел астанасы - Ұланбатырдан 1,580 км қашықтықта орналасқан. Аймақ 16 ауданнан тұрады.
Географиясы
Ховд аймағы Моңғол Алтай тауында орналасқан , мұнда Мөнххайрхан, Хөхсэрх , Баатар хайрхан, Мянган Угалзат сияқты биік таулар кездеседі. Аймақ териториясының 20-дай % шөлейт жерлерден тұрады. Ховд, Буянт, Булган, Чонохарайх, Цэнхэр сияқты үлкен өзендер Хар-Ус нуур, Хар, Дөргөн сияқты үлкен көлдер кездеседі. Ховд аймағында вольфрам, полиметал, мыс, алтын, күміс, қараметалдың рудалары бар.
Аймақтың халқы
| Үлгі:Ұлт | Ұлт | Үлгі:Үлесі | үлесі |
|---|---|
| Халх моңғол | 24.7% |
| Захчин | 24.9% |
| Қазақ | 11.5% |
| Торгууд | 8.1% |
| Урианхай | 7.6% |
| Өөлд | 7.5% |
| Дөрвөд | 6.0% |
| Мянгад | 4.9% |
| Басқалар | 2.0% |
Ховд аймағында Моңғолия бойынша ең көп ұлттар және этностар тұратын аймақ. Бұл ұлттар өз мәдениеттерін, ән-күй, салт-дәстүрлерін сақтап қалған. Адамдар өз ана тілімен бірге мемелекетік тіл моңғол тілінде сөйлейді. Ховд аймағында Қазақтар және Қазақ тілді Орта мектеп бар. Ховд аймағы Моңғолиядағы қазақтардың Баян-Өлгий аймағынан кейін ең көп шоғырланғын жері болып саналады.
Аймақтың экономикасы
Аймақ халқының негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы және егін егу. Ховд аймағында вольфрам, полиметал, мыс, алтын, күміс, қараметалдың рудалары бар. 2004 жылғы санақ бойынша аймақта 17.884.372 бас мал болған. Өткен жылы аймақ териториясында 200 мың га жерге егін егіп, 12.920,8 тонна өнім алған. Олардың 702,6 т — бидай, 4945,7 т — көкөніс , 5806,9 т — картоп, 1459,5 т — жем шөп, мал азығы, 6,1 т — май дақылы болғын. 1995 жылы Батыс Моңғолия элеторжелісінің "Хандагайты-Улангом" бөлігі болатын Ресейдің Сібір БЭЖ-не қосылған. Кәзіргі таңда аймақта қуаты 12 МВт болатын Дөргөн СЭС жұмыстап жатыр. Көршілес Говь Алтай аймағында Тайшир СЭС салынып жатыр бұл келешекте Ресейден деген энергия тәуелділікті жояды. Аймақта тамақтану комбинаты, шикізат өңдеу цехтары жұмыстауда. Ховд қаласында жылында 10-15 мың тонна цемент өндіретін өндіріс орыны бар. Ховд қаласында батыс Моңғолиядағы ең үлкен харықаралық әуежай бар. Аймақ көлемінде ұялы байланыстын GSM стандартына сай Mobicom, G-mobil CDMA стандартына сай Unitel, Skytel операторлары бар.
Әкімшілік аудандық бөлінісі
- Экспедиция в Северо-Западную Монголию, май, 1997 ж. Видео. 8 тамыздың 2011 жылы.
- Natalia Rudaya, Pavel Tarasov, Nadezhda Dorofeyuk... Holocene environments and climate in the Mongolian Altai reconstructed from the Hoton-Nur pollen and diatom records: a step towards better understanding climate dynamics in Central Asia // Quaternary Science Reviews 24 қыркүйектің 2011 жылы.
- Ховд қаласы (Жаргалант ауданы)
- Алтай ауданы
- Булган ауданы
- Буянт ауданы
- Дарви ауданы
- Дөргөн ауданы
- Дуут ауданы
- Зэрэг ауданы
- Манхан ауданы
- Мөнххайрхан ауданы
- Мөст ауданы
- Мянгад ауданы
- Үенч ауданы
- Ховд ауданы
- Цэцэг ауданы
- Чандмань ауданы
- Эрдэнэбүрэн ауданы
- Ховда аймағы
- Моңғолия әкімшілік бөлінісі
