Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Хромосомалар (көне грекше: χρῶμα «түс» + σῶμα «дене») — жасуша ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және ағзалар мен жасушалардың тұқым қуалау қасиеттерін

Хромосомалар

  • Басты бет
  • Хромосомалар

Хромосомалар (көне грекше: χρῶμα «түс» + σῶμα «дене») — жасуша ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және ағзалар мен жасушалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын органоидтар.

Адам хромосомалары
Шегіртке хромосомаларының мейозы

Хромосомалар өздігінен көбейе алады, өзіндік атқаратын қызметі мен арнайы құрылымы бар және оны келесі ұрпақта сақтай алады. Хромосомалар терминін алғаш рет неміс ғалымы В.Вальдейер ашты (1888). Ол хромосомаларды негізгі бояғыштармен қарқынды боялатын тығыз денешік деп атады. Бірақ хромосомалардың сыртқы пішіні жасуша циклінің әр түрлі сатыларында өзгеріп отырады. Митоз және мейоз процестерінің метафаза кезеңінде хромосомалардың морфологиясы жарық микроскопының көмегімен анық көрінетін құрылымға енеді. Көптеген өсімдіктер мен жануарлардың дене жасушаларындағы хромосомалар ұрықтану процесі біреуін аналықтан, ал екіншісін аталықтан алған екі хроматидтерден (ұзынша жіпшелер) тұрады. Мұндай хромосомалар гомологты деп аталады. Мейоз процесінен өткен жыныс жасушаларында гомологты хромосомалардың тек біреуі ғана болады.

Клеткадағы хромосомалардың толық жиынтығы кариотип деп аталады. Прокариоттар мен вирустарда хромосомалар болмайды. Оларда тұқым қуалау негізі ретінде әдетте бір жіпшелі немесе сақина тәрізді дезоксирибонуклеин қышқылы немесе рибонуклеин қышқылы болады және олар цитоплазмадан ядро қабықшасы арқылы оқшауланбайды. Клеткалық және тіршілік циклдері барысында хромосомалардың сыртқы көрінісінің өзгеріп отыруы олардың қызметінің ерекшеліктеріне байланысты. Ал хромосомалардың жалпы құрылымдық негіздері, биологиялық түрге байланысты әр түрлі болуы және ұрпаққа үздіксіз беріліп отыруы өзгеріске ұшырамайды. Бұған әр түрлі организмдердің хромосомаларын генетикалық, цитол. және биохимиялық зерттеулердің нәтижелері дәлел бола алады және олар тұқымқуалаушылықтың хромосомдық теориясының негізін құрайды. 1928 ж. хромосомалардың ең алғашқы молек. түрдегі үлгісін орыс ғалымы Н.К. Кольцов (1872 — 1940) ұсынды. Эукариоттардың хромосомалардағы ДНҚ молекуласы гистондық және гистондық емес белоктармен байланысып, кешен құрайды. Аталған белоктар ДНҚ-ның хромосомаларда жинақталып, оралған күйде болуын және жасушадағы РНҚ-ын синтездеу қабілетінің реттеліп отыруын қамтамасыз етеді (қара Транскрипция). хромосомаларға тұқым қуалау ақпаратының жазылуы ДНҚ молекуласының құрылымымен іске асырылады. Клеткадағы хромосомаларда ДНҚ молекуласының 99%-ға жуығы жинақталған, ал қалған 1%-ы басқа жасушалық органоидтарда (хлоропластар, митохондриялар) болады. Хромосомалар жасушада өте күрделі құрылымға ие және олар өте маңызды қызметтер атқарады. Хромосомалар құрылымын және қызметін зерттеу қазіргі заманғы биологияның өзекті мәселелерінің біріне жатады. Әсіресе, 20 ғасырдың 60 — 70-жылдары хромосомалар құрылымының молек. негізін түсінуге молекулалық генетиканың дамуына байланысты қол жетті. Бұл жаңалықтар тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясындағы негізгі заңдылықтарды дәлелдеп, онан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Мазмұны

Бактериялық хромосомалар

Адам хромосомалары

Адамның қалыпты кариотипі 46 хромосомадан тұрады. Бұл 22 жұп аутосомалар және бір жұп жыныстық хромосомалар (еркектердің кариотипінде XY және әйелде XX). Төмендегі кестеде адам хромосомасындағы гендер мен негіздердің саны көрсетілген.

 
Флуоресцентті таңбаланған Alu қайталаулары бар FISH арқылы алынған адам әйел кариотипінің 46 (23 жұп) хромосомасының суреті. Alu қайталануы жасыл түспен, ДНҚ қызыл түспен көрсетілген. Адамдарда ең ұзын 1-хромосома ең қысқа 21-хромосомадан шамамен 5 есе ұзын..
Хромосома Жалпы негізгі жұптар Гендердің саны Ақуызды кодтайтын гендердің саны
1 249250621 3511 2076
2 243199373 2368 1329
3 198022430 1926 1077
4 191154276 1444 767
5 180915260 1633 896
6 171115067 2057 1051
7 159138663 1882 979
8 146364022 1315 702
9 141213431 1534 823
10 135534747 1391 774
11 135006516 2168 1914
12 133851895 1714 1068
13 115169878 720 331
14 107349540 1532 862
15 102531392 1249 615
16 90354753 1326 883
17 81195210 1773 1209
18 78077248 557 289
19 59128983 2066 1492
20 63025520 891 561
21 48129895 450 246
22 51304566 855 507
X-хромосома 155270560 1672 837
Y-хромосома 59373566 429 76
Барлығы 3 079 843 747 36463

21364

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Қазақтар

  • Наурыз 10, 2026

    Қазақстан

  • Сәуір 03, 2026

    Зар Заман

  • Наурыз 12, 2026

    Бауыржан Момышұлы

  • Наурыз 12, 2026

    Арқар

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары