| Хуан Мата | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Толық аты | Хуан Мануэль Мата Гарсия | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған күні | 28 сәуір 1988 (38 жас) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған жері | Бургос, Испания | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бойы | 170 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Позиция | жартылай қорғаушы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Номері | 8 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Хуан Мануэль Мата Гарсия (исп. Juan Manuel Mata García; 28 сәуір 1988, Бургос, Кастилия және Леон) - испан футболшысы, сол қапталда ойнайтын жартылай қорғаушы. Лондондық "Манчестер Юнайтед" клубында ойнайды. Әлем чемпионатын, одан кейін жастардың Еуропа чемпионатын жеңген екі футболшының бірі.
Мансабы
Мата өзінің футболдық баспалдағын "Реал Овьедо" клубында бастады. 15 жасында "Реал Мадрид" клубына ауысып, онда 2007 жылға дейін ойнады. 2007 жылы "Валенсия" футбол клубымен келісімге отырады. Жетістіктері үшін, Мата басты құрамда ойнайды. Хуан өзінің бірінші добын "Барселонаға" соғады. Содан кейін, финалда "Хетафе" клубына қарсы үш доптың біреуін соғып, өз командасына Кубокты жеңуіне көмектеседі.
Испандық Marcaның айтуы бойынша:
"Хуан Мата испан футболына жылдам кірді, оны басқа жас испандықтармен салыстыруға болады: Боян Кркич, дос Сантос және Мартинес, және де осы қалпын одан да жетілдіре түссе, ол Испания құрамасында ойнайтын болады".
2011 жылы 24 қаңтарда Мата "Валенсиямен" жасаған келісімін 2014 жылға дейін ұзартты. 2011 жылы жазда "Арсенал" 25 миллионға Хуанды сатып алмақшы болды, бірақ ала алмады. Сол жылы 22 тамызда жартылай қорғаушы "Челси" ағылшын клубына көшті. "Көктер" үшін бірінші допты "Норвич Ситиге" қарсы салды.
Өмірі
Хуан Мадридтегі политехникалық институтының журналистика факультетінде оқып шықты. Бос уақытында үстел теннисын ойнағанды жақсы көреді.
Жетістіктері
Командалық
Валенсия
- Испания кубогы: 2008
Челси
- Англия кубогы: 2012
- Чемпиондар Лигасы: 2012
- Еуропа лигасы: 2013
Манчестер Юнайтед
- Англия кубогы: 2016
- Лига кубогы: 2017
- Англия Суперкубогы: 2016
- Еуропа Лигасы: 2017
Ұлттық құрама
- Әлем чемпионы: 2010
- Еуропа чемпионы: 2012
- 28 сәуірде туғандар
- 1988 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Бургоста туғандар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Испания футболшылары
- Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Реал Мадрид ФК ойыншылары
- Валенсия ФК ойыншылары
- Челси ФК ойыншылары
- Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары
- Футболдан әлем чемпиондары
- Футболдан Еуропа чемпиондары
