Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

«Худуд әл-Алам», (араб.: حدود العالم من المشرق الی المغرب‎) «Худуд әл-Әлам», «Худуд әл-Әлам Мин әл-Машриқ Ила-л-Мағриб» («Әлемнің Шығыстан Батысқа дейінгі шегі

Худуд әл-Әләм

  • Басты бет
  • Худуд әл-Әләм

«Худуд әл-Алам», (араб.: حدود العالم من المشرق الی المغرب‎) «Худуд әл-Әлам», «Худуд әл-Әлам Мин әл-Машриқ Ила-л-Мағриб» («Әлемнің Шығыстан Батысқа дейінгі шегі туралы кітап») — парсы тілінде жазылған тарихи-географиялық шығарма. 982 — 983 ж. Орта Азияда жарық көрген. Авторы белгісіз. Алғашқы 6 тарауында жалпы физикалық-география туралы мәлімет жиналған. Содан кейін шығыстан батысқа қарай 52 аймақтың әкімшілік, экономикалық жағдайы баяндалады. Әр аймақтың шекарасы, көршілес облыстар, қалалары аталады. Жер жағдайы, ауа райы, шаруашылығы, халықтарының әдет-ғұрпы, салт санасы, сол аймақта өндірілетін өнім туралы айтылған. Түркілер мен Орта Азияның мұсылман бөлігі жайында араб-парсы тілінде жазылған геогриялық шығармалардың ішінде ең толық мәліметтер осы кітапта. Автор өзінен бұрынғы араб географтарының еңбектерін пайдаланған, алайда өзге шығармалардан ерекшеліктері бар. Қазақстан тарихы үшін қазақ жеріне тікелей қатысы бар жекелеген геогр. мекендер, халықтар, тайпалар туралы айтылған деректердің маңызы зор. Шығармада Отырар (Фараб) аймағы туралы айта келіп, оның негізгі қаласы Кедер екені көрсетіледі. Шығармада: “Тұрғындары ержүрек және қаһарман. Мұнда әр елдің саудагерлері тоғысқан. Отырардан оғыздардың астанасы Янгикентке дейін 20 күн” деп жазылған. Сонымен қатар онда Сыр бойындағы Шауғар, Сауран, Жент, т.б. қалалар туралы мәліметтер бар. Қолжазбаның бір ғана данасы 1892 ж. Бұхарадан табылды. Оны В.В. Бартольд 1930 ж. сол қалпында көбейтіп шығарды. Кітаптың толық мәтіні 1961 ж. Тегеранда басылды. Ф.В. Минорский бұл еңбекті аударып, ғылыми түсініктеме жазды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 14, 2026

    Қазақстан мемлекеттік рәміздері

  • Сәуір 18, 2026

    Әл-Кәусәр сүресі

  • Сәуір 08, 2026

    Өзен аралығы

  • Сәуір 13, 2026

    Норманд аралдары

  • Сәуір 13, 2026

    Географиялық белдеулер

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары