Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Целинный ауданы — 1980-1988 жылдары Қазақ КСР Солтүстік Қазақстан облысының құрамында болған Қазақстанның солтүстігіндегі әкімшілік бірлік.

Целинный ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аудан
Целинный ауданы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақ КСР

Кіреді

Солтүстік Қазақстан облысы

Енеді

10 ауылдық кеңес

Әкімшілік орталығы

Ақсуат

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

17 қазан 1980

Таратылған уақыты

9 шілде 1988

Целинный ауданы — 1980-1988 жылдары Қазақ КСР Солтүстік Қазақстан облысының құрамында болған Қазақстанның солтүстігіндегі әкімшілік бірлік.

Тарихы

Әкімшілік орталығы Ақсуат ауылында болған Целинный ауданы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1980 жылғы 17 қазандағы Жарлығымен Қазақ КСР Солтүстік Қазақстан облысының құрамында құрылып, Сергеев ауданының Городец, Октябрь, Юбилейный және Тимирязев ауданының Ақсуат, Белоградов, Дзержинский, Интернациональный, Ишим, Ленин, Мичурин ауылдық кеңестері енді. Аудан Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасты.

1988 жылы 9 шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Целинный ауданы таратылды. Ақсуат, Белоградов, Дзержинский, Ишим, Ленин, Мичурин ауылдық кеңестері Тимирязев ауданының, ал Городец, Октябрь, Юбилейный, Интернациональный ауылдық кеңестері Сергеев ауданының құрамына енді.

Әкімшілік бөлінісі

1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 10 ауылдық кеңес пен 21 елді мекен болған:

Ауылдық кеңесОрталығыЕлді мекендері
Ақсуат ауылдық кеңесіАқсуат ауылыАқсуат
Белоградов ауылдық кеңесіБелоградовка ауылыАқсу, Аралкөл, Белоградовка
Городецкий ауылдық кеңесіГородецкое ауылыБағанаты, Городецкое, Коноваловка
Дзержинский ауылдық кеңесіДзержинское ауылыГригорьевка, Дзержинское
Интернационал ауылдық кеңесіДружба ауылыДружба
Ишим ауылдық кеңесіИшимское ауылыИшимское, Нарынгүл
Ленин ауылдық кеңесіЛенинское ауылыҚұба, Ленинское
Мичурин ауылдық кеңесіМичурино ауылыМичурино
Октябрь ауылдық кеңесіОктябрьское ауылыҚұртай, Октябрьское, Тельманово
Юбилейный ауылдық кеңесіКрещенка ауылыБелоградовка, Крещенка, Куприяновка
Жоғары