Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Чкалов ауданы — 1939-1963, 1964-1997 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы мен Көкшетау облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Чкалово ау

Чкалов ауданы

  • Басты бет
  • Чкалов ауданы

Чкалов ауданы — 1939-1963, 1964-1997 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы мен Көкшетау облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Чкалово ауылы.

Аудан
Чкалов ауданы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Кіреді

Солтүстік Қазақстан облысы, Көкшетау облысы

Енеді

14 а/к (1986)

Әкімшілік орталығы

Чкалово

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

16 қазан 1939 жыл

Таратылған уақыты

2 мамыр 1997 жыл

Тұрғындары
Тұрғыны

18 719 адам (2009)

Тарихы

Чкалов ауданы 1939 жылы 16 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының құрамында құрылды. Аудан облыстың орталық бөлігінде орналасты.

1944 жылы 15 наурызда аудан жаңадан құрылған Көкшетау облысына берілді. Аудан облыстың солтүстік бөлігінде орналасты.

1955 жылы 22 қазанда Чкалов ауданының аумағының бір бөлігі жаңадан құрылған Ленинград ауданына берілді.

1963 жылы 2 қаңтарда таратылып, Красноармейск ауданының құрамына енді. 1964 жылы 31 желтоқсанда қалпына келтірілді.

1997 жылы 2 мамырда Чкалов ауданы таратылып, аумағы Тайынша (бұрынғы Красноармейск) ауданына берілді, ал 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау облысының бүкіл аумағы, оның ішінде Тайынша ауданы да, Солтүстік Қазақстан облысына қосылды.

1986 жылы аудан құрамына 14 ауылдық кеңес кірген: Абай, Алабота, Амандық, Вишнёв, Донецк, Зеленогай, Краснокиев, Новодворов, Петров, Севастополь, Сүгірбай, Тихоокеан, Чкалов, Яснополян.

Халқы

1959 1970 1979 1989
26386 ▲34449 ▼31679 ▼31585
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Гурьев уезі

  • Сәуір 06, 2026

    Тұйықсу мұздығы

  • Наурыз 10, 2026

    Қазақ газеті

  • Сәуір 13, 2026

    Таһа сүресі

  • Сәуір 03, 2026

    Тайыр Жомартбаев

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары