Шахан Дулатұлы (1898 - ө. ж. б.), партия, кеңес қызметкері. Семей қаласындағы партия курсын, Марксизм-ленинизм институтының қазақ филиалын бітірген (1937). Павлодар облысының Аккөл аулында ревком мүшесі, Семей қаласында халық судьясы, Балқаш қаласында партия мектебінің менгерушісі, 1939-1943 жылдары Қоңырат, Қарқаралы, 1947-1949 жылдары Шет аудандық партия комитеттерінің 1-хатшысы, 1943-1947 жылдары Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы болған. 1949-1950 жылдары облыстық ауыл шаруашылығының басқармасы бастығының орынбасары, 1950 жылы облыстық жол бөлімінің меңгерушісі. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
- Шет ауданы тұлғалары