Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Шернияз — Жүсіпбек Аймауытовтың ең үздік пьесаларының бірі. Бұл пьеса ішінара өлеңмен жазылған. Жүсіпбектің Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арнаған пьесасы. 1926 жылы

Шернияз (пьеса)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

ШерниязЖүсіпбек Аймауытовтың ең үздік пьесаларының бірі. Бұл пьеса ішінара өлеңмен жазылған. Жүсіпбектің Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арнаған пьесасы. 1926 жылы Семейде басылып шыққан. Пьеса театр сахналарында қойылған.

Қысқаша мазмұны

Бұл шығармада алғашқы ұлттық интеллигенция өкілдерінің екі ұдай жолға түсуі,олардың екі қиырға тартуы, екі түрлі сенім - наным қақтығысының пайда болуы бейнеледі.Сонымен қатар пьесада шығарманың басты кейіпкері Шернияздың өзінің туған жеріне деген ыстық сезімі көрініс табады.Шернияз үшін туған жер қасиетті де қадірлі.Оның аманат - борышты, қарыздарды өтеу жолында күресу керек барлығы ел қамы үшін деген ойлары пьесада көрініс табады.

Шығарма кейіпкерлері

  • Шернияз - ақылды,бойында адамгершілік қасиеті жоғары адам қатарынан.Оның бойында күш - қайрат, білім мен талант дарыған. Жасы 26 - да.
  • Базарбай - оқыған,жасы 25 -те, ойының бәрі тек арамдық. Оның елге барғандағы мақсаты ағайын - туыстардың,ауылдас - руластардың шоқпарын соғу, пара алу, баю, серілік - салдың құру,Дағдылы әдеті - ар - ұятты,достық - жолдастықты ұстану емес,реті келіп жатса, жақын - жуықты қаралаудан тайынбайды.
  • Раушан - Шернияздың сүйіп қосылған жары.Ол оқымаған,Раушанда тазалық,адамдық болғанымен оған таным - талғамы жетіспейді,осыдан барып олардың аралары суып,ақыры ажырасып тынады.
  • Жәмила - қала қызығына түскен,ойын - сауық, ләззат пен рақатты өмірдің мәні деп білетін жеңіл жүрісті әйел.Ол Шернияздың әйелі болады,бірақ ол күйеуінің көзіне шөп салады.
  • Рәзия - даяршы қатын, 25-те.
  • Алшағыр - қыр қазағы, Шернияздың ағасы, жасы 40-та.
  • Қордабай - Раушанның әкесі, жасы 60-та
  • Жаңылтай' - келіншек, жасы 22-де
Жоғары