Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Шу-Сарысу ойысы – Қаратау, Қырғыз Алатауы, Кіндіктас, Ұлытау антиклинорийлері және Бетпақдала қатпарлықтарымен қоршалған эпикаледондық құрылым. Ұзындығы 600 км,

Шу-Сарысу ойысы

  • Басты бет
  • Шу-Сарысу ойысы

Шу-Сарысу ойысы – Қаратау, Қырғыз Алатауы, Кіндіктас, Ұлытау антиклинорийлері және Бетпақдала қатпарлықтарымен қоршалған эпикаледондық құрылым. Ұзындығы 600 км, ені 250 – 300 км. Үш тектоник. сатылы қабаттан қалыптасқан. Табаны күшті қатпарлана жақпарланған, баяу метаморфтанған рифей, төм. палеозойдың терригендік шөгінділері мен каледон интрузивтерінен түзілген. Ортаңғы герциндік қабат моласса тектес қызыл түсті континенттік шөгінділерден құралған. Қалыңд. 5000 м-дей баяу қатпарланған бұл шөгінділерде фамен-төм. карбонның теңіздік-лагуналық үгінді-карбонатты-тұзды қабаттары бар. Үшінші жоғ. қабаты горизонталь жатқан қалыңд. 3500 м-ге жететін бор – антропоген жүйелері шөгінділерінен қалыптасқан. Шу-Сарысу ойысының орта бөлігі арқылы солтүстік-батысқа созылған Тасты – Талас көтерілімімен ойыс екіге бөлінеді. Солтүстік-шығыс жағында Жезқазған – Бетпақдала, Тасбұлақ, Мойынқұм, Шығыс Шу, оңтүстік-шығыс бөлігінде Қақпансор, Созақ – Байқадам құрылымдары орналасқан. Орогендік шөгінділерден мұнай, газ, мыс, тұз кендері ашылды. Бор мен эоцен шөгінділерінде артезиан сулары бар.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 23, 2026

    Омоним

  • Сәуір 04, 2026

    Оңтүстік полюс

  • Наурыз 21, 2026

    Дамыған елдер

  • Сәуір 25, 2026

    Әбу-Жәлел пір

  • Сәуір 11, 2026

    Әбу Сәрсенбаев

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары