Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Шымкент уезі – 1867 жылы 11 шілдеде жарияланған “Жетісу, Сырдария облыстарын басқару жөніндегі уақытша ережеге” сәйкес Түркістан генерал-губернаторлығына қарайт

Шымкент уезі

  • Басты бет
  • Шымкент уезі

Шымкент уезі – 1867 жылы 11 шілдеде жарияланған “Жетісу, Сырдария облыстарын басқару жөніндегі уақытша ережеге” сәйкес Түркістан генерал-губернаторлығына қарайтын Сырдария облысының құрамында ұйымдастырылған әкімшілік-аумақтық бөлік. Шымкент уезі оңтүстігінде Ташкент уезімен шектесіп, солтүстік жағынан Шу өзенін кесіп өткен.

19 ғ-дың басында уезд құрамындағы 28 болыста 540 ауыл болды. 1908 ж. уезді 250794 қазақ, 11 мың орыс, 41350 өзбек мекендеді. 19 ғ-дың аяғында Шымкент уезінің тұрғындары мал шаруашылығымен қатар Арыс, Сырдария, Келес, Шаян, Бөген, Арыстанды өзендерінің бойына дәнді дақыл, бау-бақша егіп, отырықшы өмір сүрген. 1916 ж. уездің Георгиевка саудасында цемент заты, тағы басқа өндіріс орындары жұмыс істей бастады. 1928 ж. жаңа әкімш.-аумақтық аудандастыру шаралары жүзеге асырылуына байланысты Шымкент уезі жойылды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Семей губерниясы

  • Мамыр 15, 2026

    Ыдырау тұрақтысы

  • Сәуір 06, 2026

    Беклер бегі

  • Мамыр 15, 2026

    Алтын керней

  • Наурыз 11, 2026

    Құран

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары