Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Шәкір Қарсыбайұлы Қарсыбаев (1 шілде 1913, Сейтен ауылы, Ақмола облысы, Ресей империясы — 5 мамыр 1995) — кеңестік партия және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Жо

Шәкір Қарсыбайұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шәкір Қарсыбайұлы
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы
Ту
Ту
28 наурыз 1955 — 27 наурыз 1959
Ізашары Ғабдолла Қаржаубаев
Ізбасары Сақтаған Бәйішұлы
Ту
Ту
Қазақстан КП Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшысы
Ту
Ту
желтоқсан 1958 — қараша 1959
Ізашары Павел Дельвин
Ізбасары Хасан Бектұрғанов
Ту
Ту
Қазақстан КП Талдықорған облыстық комитетінің бірінші хатшысы
Ту
Ту
1951 — желтоқсан 1956
Ізашары Шолақ Артығалиұлы
Ізбасары Ғұбайдолла Ілиясов
Өмірбаяны
Партиясы КОКП
Білімі КОКП ОК қарамағындағы жоғары партия мектебі
Дүниеге келуі 1 шілде 1913 (1913-07-01)
Сейтен ауылы, Ақмола облысы, Ресей империясы
Қайтыс болуы 5 мамыр 1995 (1995-05-05)(81 жас)
Марапаттары
Еңбек Қызыл Туы ордені
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалі
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалі
Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалі

Шәкір Қарсыбайұлы Қарсыбаев (1 шілде 1913, Сейтен ауылы, Ақмола облысы, Ресей империясы — 5 мамыр 1995) — кеңестік партия және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1955-1959).

Өмірбаяны

1939 жылдан бастап БК(б)П мүшесі.

1933 жылы Петропавл педагогикалық техникумын, 1948 жылы — БК(б)П ОК қарамағындағы жоғары партия мектебін, 1958 жылы — КОКП ОК қарамағындағы қайта даярлау курстарын бітірді.

1933-1935 жж. — «Қазалтын» тресінің оқу-жаттығу кешенінің оқытушысы. 1935-1936 жж. — Еңбекшілдер аудандық Кеңесі атқару комитетінің хатшысы (Қарағанды облысы). 1936-1937 жж. — ЖШҚӘ құрамында болды. 1937-1939 жж. — Еңбекшілдер аудандық Кеңесі атқару комитетінің хатшысы, төрағасының орынбасары (Солтүстік Қазақстан облысы). 1939-1940 жж. — Солтүстік Қазақстан облыстық Кеңесі атқару комитетінің хатшысы. 1940-1941 жж. — Қазақстан К(б)П Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті кадр бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1941-1944 жж. — Солтүстік Қазақстан облыстық Кеңесі атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1944 ж. — Қазақстан К(б)П Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы. 1944-1945 жж. — Қазақстан К(б)П Көкшетау облыстық комитетінің екінші хатшысы. 1948-1951 жж. — Қазақстан К(б)П Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшысы. 1951-1956 жж. — Қазақстан К(б)П – КП Талдықорған облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1955-1959 жж. — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы. 1958-1959 жж. — Қазақстан КП Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1959-1962 жж. — Ақтөбе облыстық Кеңесі атқару комитетінің хатшысы, Қазақстан Компартиясы Ақтөбе облыстық комитеті қайта даярлау курстарының меңгерушісі.

1962 жылдан бастап зейнеткер атанады.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің III, IV, V шақырылымдары депутаты болып сайланды.

Марапаттары мен атақтары

«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске отыз жыл», «ХШЖК алтын медалі», «Еңбек ардагері», «Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік» медалдарымен және Республика Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Жоғары