| Ырғыз өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 593 км |
| Су алабының ауданы | 31 600 км² |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Мұғалжар тауы |
| • Координаттары | 50°35′ с. е. 59°55′ ш. б. / 50.583° с. е. 59.917° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Торғай өзені |
| • Координаттары | 48°15′ с. е. 62°01′ ш. б. / 48.250° с. е. 62.017° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°15′ с. е. 62°01′ ш. б. / 48.250° с. е. 62.017° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Ақтөбе облысы, Әйтеке би, Ырғыз аудандары |
Ырғыз – Торғай алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз аудандары жеріндегі өзен. Ұзындығы 593 км, су жиналатын алабы 31600 км2. Ақтөбе облысының шығысында орналасқан ол Қостанай, Қарағанды облысымен шекаралас.
Этимологиясы
Ырғыз көне гидронимі туралы Ә.Нұрмағамбетов қаз. ырғ "ескі" + көне түркі. үгүз "өзен" сөздерінен біріккен дейді. Т.Жанұзақ ырғыз "ойпаң, ой жерде ағып жатқан өзен мағынасында тұрғанын атап көрсетеді. Атаудың екінші сыңары ғыз көне түркі үгүз "өзен" мәнді сөзінің қысқарған нұсқасы екені ойға қонымды. Өйткені башқұрт. "Ярғазы, Ырғазы, Карғазы" атты өзендер бар.
Бастауы
Мұғалжар тауының шығыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Торғай өзеніне қосылып, Шалқартеңіз көліне құяды.
Гидрологиясы
136 кішігірім саласы бар.
Басты салалары: Бақсайыс, Үймола, Қарабұтақ, Шетырғыз. Аңғары жоғарғы ағысында 0,4 - 0,6 км-ден сағасына қарай 1,5 - 1 км-ге кеңейіп, Торғай өзенінің анғарымен тұтасып кетеді. Жайылымы 200 м-ден 2 км-ге дейін өзгереді, сағасына жақын айкын байқалмайды. Арнасы жоғарғы ағысында 20 - 50 м-ден, ортаңғы ағысында 120-160 м-ге дейін жетеді. Ағынының 90%-ы көктемгі су тасу кезінде қалыптасады, жазда төменгі ағысында қарасуларға бөлініп қалады. Суының минералдылығы тасу кезінде 50-100 мг/л-ден сабалық кезеңде 2000 - 3000 мг/л-ге дейін өзгереді. Көп жылдық орташа су ағымы Шеңбертал ауылы тұсында 6,70 м3/с. Өзен бойынан жалпы сыйымдылығы1,32 млн. м3 болатын 4 тоған салынған.
- Алфавит бойынша өзендер
- Торғай су алабы
- Әйтеке би ауданы өзендері
- Ырғыз ауданы өзендері