Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

\nЛенинград (қазіргі Санкт-Петербург) жоғары агрономдық курсын (1937)\nКОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1954)\nКОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебі"

Ысмайыл Юсупов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)

Ысмайыл Әбдірасулұлы Юсупов
Лауазымы
Ту
Ту
10-шы ОК Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы
26 желтоқсан 1962 жыл  7 желтоқсан 1964 жыл
Ізашары Дінмұхамед Қонаев
Ізбасары Дінмұхамед Қонаев
Орал облыстық атқару комитетінің төрағасы
1965 жыл  1966 жыл
Ізбасары Виктор Подьяблонский
Ту
Ту
КОКП Оңтүстік Қазақстан өлкелік комитетінің бірінші хатшысы
1962 жыл  желтоқсан 1962 жыл
Ізашары Лауазымы ұйымдастырылған
Ізбасары Сабыр Ниязбеков
Ту
Ту
КОКП Оңтүстік Қазақстан обкомының бірінші хатшысы
мамыр 1955 жыл  желтоқсан 1959 жыл
Ізашары Жұмабай Шаяхметұлы Шаяхметов
Ізбасары Виктор Макаров
Өмірбаяны
Партиясы КОКП
Білімі Талғар ауыл шаруашылық техникумын (1934)

Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) жоғары агрономдық курсын (1937)
КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1954)
КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебі

Дүниеге келуі 12 мамыр 1914 (1914-05-12)
София станицасы қазіргі Талғар, Жетісу облысы, Ресей империясы
Қайтыс болуы 17 мамыр 2005 (2005-05-17)(91 жас)
Алматы, Қазақстан
Жұбайы Анастасия Петровна
Балалары 3 қыздары мен Ұлы
Шайқасы Ұлы Отан соғысы
Ismail Yusupov Ортаққорда

Ысмайыл Әбдірасулұлы Юсупов (12 мамыр 1914 жыл, Талғар – 17 мамыр 2005 жыл, Алматы) — саяси қайраткер.

Білімі

  • Талғар ауыл шаруашылық техникумын (1934)
  • Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) жоғары агрономдық курсын (1937)
  • КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1954) бітірген.

Еңбек жолы

  • 1934 – 39 ж. Түркістан қаласындағы МТС-та агроном, бас агроном, МТС директоры
  • 1939 – 40 ж. Оңтүстік Қазақстан жер мекемесі бастығының орынбасары болды.
  • 1940 – 41 ж. Минск қаласындағы қысқа мерзімді әскери-саяси училищені бітіріп, 1941 – 42 ж. әскери бөлімде саяси жетекші болып істеді.
  • 1943 – 44 ж. Түркістан облысының Ильич ауданының партия комитетінің 1-хатшысы
  • 1944 – 45 ж. Түркістан облысының партия комитетінің 3-хатшысы
  • 1945 – 51 ж. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Су шарауашылық халық комиссары, министрі
  • 1954 – 55 ж. Қостанай облысының партия комитетінің 2-хатшысы
  • 1955 – 59 ж. Түркістан облысының партия комитетінің 1-хатшысы
  • 1959 – 62 ж. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы
  • Оңтүстік Қазақстан өлкелік комитетінің 1-хатшысы (1962) қызметтерін атқарды.
  • 1962 ж. желтоқсан – 1964 ж. желтоқсан аралығында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-хатшысы
  • 1965 – 66 ж. Орал облысының атқару комитетінің төрағасы
  • 1966 – 71 ж. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Тамақ өнеркәсібі министрлігінің арнайы жүзім трестінің директоры болды.
  • 1971 ж. зейнеткерлік демалысына шықты.

Ел есінде қалған қызметі

Юсупов Түркістан облысында қызмет еткен жылдары облыстағы су каналдарының құрылысына басшылық етті. Қызылорда бөгені, Георгиев каналының сол жақ сілемі, Ынталы су қоймасы салынды. Юсупов Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің кезінде 1963 ж. жалпы көлемі 3,5 миллион га жер Өзбекстанға берілді. Кейіннен бұл жерлердің көпшілігі Қазақстанға қайтарылғанымен қалған бөлігі біржолата Өзбекстан аумағында қалды.

Марапаттары

  • 2 Ленин
  • Қызыл Ту
  • 1-дәрежелі Отан соғысы
  • 2 Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Жоғары