| Аудан | |
| Ыстықкөл ауданы | |
| Ысык-Көл району | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | |
| Әкімшілік орталығы |
|
| Тарихы мен географиясы | |
| Уақыт белдеуі | UTC+6 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 75 533 адам (2009) |
| Ұлттық құрамы | қырғыздар — 84,2 %, |
| Ресми тілі | |
|
| |
Ыстықкөл ауданы (қыр. Ысык-Көл району) — Қырғызстандағы Ыстықкөл облысының солтүстігінде орналасқан әкімшілік бірлік.
Әкімшілік орталығы — Шолпаната қаласы.
Халқы
2009 жылғы Қырғызстанның халық санағы деректері бойынша аудандағы барлығы 75 533 тұрғынның ішінен қырғыздар 63 580 адамды құрайды (84,2 %), орыстар — 8777 адам (11,6 %), қазақтар — 1715 адам (2,3 %), өзбектер — 237 адам (0,3 %), татарлар — 231 адам (0,3 %), украиндар — 229 адам (0,3 %), ұйғырлар — 149 адам (0,2 %), немістер — 146 адам (0,2 %).
Елді мекендері
Ыстықкөл ауданы құрамына 12 айылдық (ауылдық) округ, 30 айыл (ауыл), 1 қала кіреді:
- Шолпаната қаласы
- Ананьево айылдық округі: Ананьево ауылы (орталығы), Кек-Дебе, Чет-Байсоорун
- Бостері айылдық округі: Бостері ауылы (орталығы), Бақтуу-Долоноту
- Садыр-Әке айылдық округі: Григорьевка, Григорьевская Пристань
- Қара-Ой айылдық округі: Қара-Ой ауылы (орталығы)
- Құм-Бел айылдық округі: Қорымды ауылы (орталығы), Бұлан-Сегеттю
- Семеновка айылдық округі: Семеновка ауылы (орталығы), Қоджояр
- Тамчы айылдық округі: Тамчы ауылы (орталығы), Қош-Қол, Чырпықты
- Абдрахман айылдық округі: Жарқынбаев ауылы (орталығы), Қароол-Дебе
- Теміровка айылдық округі: Теміровка ауылы (орталығы), Қашат
- Торы-Айғыр айылдық округі: Торы-Айғыр ауылы (орталығы), Қызыл-Өрік, Сары-Қамыс
- Өрікті айылдық округі: Чоң-Өрікті ауылы (орталығы), Орто-Өрікті, Өрікті-Хутор
- Чоң-Сары-Ой айылдық округі: Чоң-Сары-Ой ауылы (орталығы), Бает, Өрнек, Сары-Ой, Чоқ-Тал.
Тарихы
1962 жылы Ыстықкөл ауданы құрамына Балықшы ауданы қосылды.
Әйгілі тұлғалары
Ауданда дүниеге келгендер
Қарике Абдрайұлы Абдраев (1929 жылы туған) — совет және қырғыз мемлекеттік және партиялық қайраткері.
Қасымалы Баялинов (1902-1979) — Қырғызстанның халық жазушысы.
Болат Абдоллаұлы Мыңжылқиев (1940-1997) — опера әншісі, КСРО халық әртісі (1976).
Жамал Сейдақматова (1938 жылы туған) — кеңестік және қырғызстандық театр мен кино актрисасы. Қырғыз КСР-ның халық әртісі (1976).
- Ыстықкөл ауданы
