Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Тұрақты ток тізбегіндегі электр қуаты кернеу мен ток шамасының көбейтіндісіне, айнымалы токтың лездік қуаты кернеу мен токтың лездік мәндерінің көбейтіндісіне т

Электр энергиясы

  • Басты бет
  • Электр энергиясы

Электр қуаты — электр тогының белгілі бір уақыт бірлігі ішінде істейтін жұмысы.

Тұрақты ток тізбегіндегі электр қуаты кернеу мен ток шамасының көбейтіндісіне, айнымалы токтың лездік қуаты кернеу мен токтың лездік мәндерінің көбейтіндісіне тең, ал айнымалы токтың толық қуаты тізбектегі ток пен кернеудің әсерлік мәндерінің көбейтіндісіне тең.

Периодты токтар үшін орташа немесе активті қуатты пайдалану тиімді.

Бір фазалы синусоидалы токтың активті қуаты P мынаған тең:

P=U⋅I⋅cos⁡φ{\displaystyle P=U\cdot I\cdot \cos \varphi }{\displaystyle P=U\cdot I\cdot \cos \varphi },

мұндағы U, I — әсер етуші айнымалы кернеу мен токтың мәні, ал φ{\displaystyle \varphi }{\displaystyle \varphi } — бұлардың арасындағы ығысуы.

Синусоидалы токтар үшін реактивті қуат та (U⋅I⋅sin⁡φ{\displaystyle U\cdot I\cdot \sin \varphi }{\displaystyle U\cdot I\cdot \sin \varphi }) қарастырылады.

Толық қуат фазалық ауытқуын қарастырмаған кездегі ток пен кернеудің көбейтіндісі S=U⋅I{\displaystyle S=U\cdot I}{\displaystyle S=U\cdot I}

Электр тізбегін символды әдіспен есептеу кезінде активті және реактивті қуаттар комплексті қуаттың нақты және жорымал бөлігі ретінде өрнектеледі.

Электрлік құрылғылардың дұрыс жұмыс істей алатын қуаты номинал қуат деп аталады.

Активті қуат ваттметрмен өлшенеді. Оның өлшеу бірлігі — ватт.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Жамбыл (тау)

  • Наурыз 11, 2026

    Өзбекстан

  • Наурыз 11, 2026

    Алтай таулары

  • Наурыз 14, 2026

    Есік Алтын адамы

  • Наурыз 12, 2026

    Құтадғу білік

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары