Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері) (glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino —бөлу) — гормондарын организмнің сұйық ішкі ортасын

Эндокриңді бездер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
1 эпифиз, 2 гипофиз, 3 қалқанша без, 4 айырша без, 5 бүйрекүсті безі, 6 ұйқы безі, 7 аналық без, 8 жұмалақ

Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері) (glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino —бөлу) — гормондарын организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді.

Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері):

  • орталық эндокринді бездер
    • гипоталамус
    • гипофиз
    • эпифиз
  • шеткі эндокринді бездер
    • қалқанша
    • қалқанша маңы
    • бүйрекүсті бездері

Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.

Ағзада гормондар мөлшерінен көп бөлінсе гиперфунция, мөлшерінен аз бөлінсе гипофункция деп атайды. Гормондардың мөлшерден тыс көп бөлінуі де, аз бөлінуі де қауіпті. Кез келген бездің гипер және гипофункциясы қауіпті ауру тудыруы мүмкін.

Ішкі секреция бездері әрекетінің бұзылуы
Бездер Гормондар Гиперфункция (артық әсер етуі) Гипофункция (жеткіліксіз әсер ету)
Гипофиз Өсу гормоны Алыптылық — жас кезінде барлық дененің қарқынды өсуі. Акромегалия — дененің жеке мүшелерінің тез өсуі (қаңқа сүйектері, аяқтары, мұрны) Гипофизарлық ергежейлік — қалыпты ақыл-естің дамуына қарамастан бойдың өспей қалуы
Қалқанша без Тироксия Бақшаңкөз (базедова болезнь) ауруы, зат алмасуы жоғары, нерв жүйесі қозғыш, зобтың дамуы Микседема — зат алмасуы төмен, нерв жүйесінің қозғыштығы әлсіз, ісіну. Кретенизм — өсіп келе жатқан организмге тән, дененің пропорциясы бұзылады, өсуі, жыныс және психикалық дамуы баяулайды
Бүйрекүсті безі Кортикоиды Бойдың өсуі тез тоқталып, ерте жыныс жетіледі Жез ауруы: тері сары түсті болады, әлсіздік, арықтау
Ұйқы безі Инсулин Гипогликемия қанда инсулиннің күрт көбейіп кетуінен және ондағы глюкозаның азаюынан мидың әрекеті (есін жоғалту және тартып қалуынан) пайда болады Қант диабеті — қанттың (глюкозаның) қанда нормадан тыс көбейіп кетуі. Глюкоза клетға түспегендіктен, оның тіршілік әрекеті бұзылады да, ол есі айырылуға, өлімге әкеліп соғуы мүмкін

Гипофиз — негізгі ішкі секреция безі. Ол аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдарда салмағы 0,5-0,65 г-ға жетеді. Бұл без 25 түрлі гормон бөледі. Оның гормондары ұйқы безінен басқа бүкіл ішкі секреция бездерінің қызметін басқарады. Гипофиздің соматотропин (өсу) гормоны барлық ұлпа мен ағзаға әсер етеді. Өсу гормоны қаңқа мен бұлшық еттің өсуіне әсер ете отырып, ағзаны дамытады. Егер өсу гормоны жеткіліксіз мөлшерде түзілетін болса, адамның бойы өспей, ергежейлілік пайда болады. Ал артық түзілген жағдайда (гиперфункция) алыптық ауруына шалдығады. Адамының сүйектері 25 жасқа дейін ұзарып өседі. Акромегалия – ересек адамдарда өсу гормонының көп бөлуінен пайда болатын ауру. Бұл жағдайда адамның саусақтары, аяқ және бет сүйектері ұзарып өседі.

Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері

ГормондарБөлетін бездерАғзаға әсері
ТироксинҚалқанша безіНегізінен зат алмасу қарқындылығын арттырады
ПаратгормонҚалқаншамаңы безіКальций және фосфор алмасуын реттейді
ИнсулинҰйқыбездің аралды бөлігіБұлшықет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы қанттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді
Глюкагон-"-Бауырдағы гликогеннің қанда глюкозаға айналуына әсер етеді
АдреналинБүйрекүсті бездің без затыСимпатикалық жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшықеттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді
Норадреналин-"-Қантамырларын тарылтады
Өсу гормоны [соматропты гормон)Гипофиздің алдыңғы бөлігіСүйектің және ағзаның қалыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді
Гиреотропты гормон-"-Қалқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді
Адренокортикотропты гормон [АКТГ)-"-Бүйрекүсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді
ЭкцитоцинГипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі)Жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді
ВазопрессинExampleБірыңғайсалалы бұлшықеттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады
Тестостерон (андрогендер)Аталық бездерАталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді
Эстрадиол (экстрогендер)Аналық бездерАналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді

Жоғары