| Эрик Трамп | |
| ағылш. Eric Trump | |
Трамп, 2025 жыл | |
| Толық есімі | Эрик Фредерик Трамп (ағылш. Eric Frederick Trump) |
|---|---|
| Туған күні | 6 қаңтар 1984 (42 жас) |
| Туған жері | Манхэттен, Нью-Йорк, Нью-Йорк штаты, АҚШ |
| Қызметі |
|
| Білімі | |
| Осы үшін белгілі |
|
| Партиясы |
|
| Әкесі | |
| Анасы | Ивана Трамп |
| Жұбайы | Лара Юнаска (үйл. 2014) |
| Балалары | 2 |
| Отбасы | Трамптар |
| Сайты | |
Ортаққордағы Эрик Трамп | |
Эрик Фредерик Трамп (ағылш. Eric Frederick Trump;6 қаңтар 1984 жыл,Нью-Йорк) — америкалық бизнесмен және филантроп, меценат, бұрынғы телевизия тұлғасы, АҚШ президенті Дональд Трамптың пен Ивана Трамптың үшінші баласы және екінші ұлы. The Trump Organization атқарушы вице-президенті, ағасы кіші Дональдпен пен қарындасы Иванкамен бірге жұмыс істейді. 2006 жылы Eric Trump Foundation қорының негізін қалады, ол St. Jude Children's Research Hospital ауруханасын қолдауға қаржы жинайды. Трамп, оған қоса, — Trump Winery иесі.
Әкелерінің тұңғыш президенттігі кезінде Дональд пен Эрик ағайындылар олай жасамаймыз дегеніне қарамастан шетелге инвестиция құйып, АҚШ-тағы мүліктеріне төлем жасап, шетелдік үкіметтерден төлемдер алды.
Ерте жылдары
Эрик Трамп Нью-Йоркте дүниеге келді және Үштік мектебіне (Trinity School) барды. 6 жаста болған кезінде ата-аналары ажырасты. Бала кезінде Трамп жаз күндерін чехиялық Злинде, нағашы ата-әжесімен бірге өткізетін. 1990 жылы қайтыс болған оның Милош Зельничек есімді нағашы атасы инженер еді. Мария есімді оның нағашы әжесі аяқ киім зауытында жұмыс істейтін. Нағашы атасы Трампқа балық, аң аулауды үйреткен. Кейін Трамп Вашингтондағы Джорджтаун университетінде қаржы және менеджмент мамандығына оқыды.
Трамп жас кезінен әкесімен жұмыс орындарына және келіссөздерге еріп жүре бастады. Ол жас кезінде әкесінің мүлкіне шөп шабып, плитка төсеген және басқа да жұмыстар жасағанын айтты. Трамп бір кезде басқа мансапты қарастырды, бірақ орта мектеп оқушысы болғанында отбасылық бизнеске қосылуды шешті.
Мансабы
The Trump Organization

Трамп — The Trump Organization ұйымының дамыту және сатып алу бойынша атқарушы вице-президенті. Ол қарындасы Иванкамен бірге компания иелігінің дизайндарын жасап жүретін.
Президент Трамптың Украина президентінен Джо Байден мен оның ұлы Хантерді тергесін деп сұраған Трамп–Украина жанжалы кезінде Эрик Трамп Хантерді непотизм үшін айыптады. Эрик «Менің әкем президент болған кезде, біздің отбасы халықаралық бизнес мәмілелер жасауды тоқтатты» деп, өзін осылайша Хантерден ерекшелегісі келді. Бірақ Дональд Трамп президент болған кезде Трамптардың халықаралық бизнесі тоқтамады. Эрик Трамп керісінше, түрлі елдерге сапар жасап, Трамп ұйымында өсіп кетті. PolitiFact және Washington Post фактчекері Эрик Трамптың Трамп отбасы «барлық халықаралық бизнестен шықты» деген мәлімдемесін жалған деп бағалады. PolitiFact Трамп президент болғаннан бері Трамп отбасы халықаралық бизнеспен айналысып қана қоймай, президенттің кейбір балалары, соның ішінде Эрик сол уақыт ішінде халықаралық іскерлік белсенділіктерін ашық түрде атап өткенін де хабарлады.

2024 жылғы 16 ақпанда шығарылған үкім Трампқа Нью-Йорктегі кез келген Нью-Йорк корпорациясының немесе басқа заңды тұлғаның, соның ішінде The Trump Organization ұйымының қызметкері немесе директоры қызметін екі жыл бойына атқаруға тыйым салды.
Телевизия
Эрик Трамп әкесінің Кандидат (2010–2015) реалити-шоуында судья болған.
The Eric Trump Foundation
2007 жылы Трамп өзінің The Eric Trump Foundation қоғамдық қайырымдылық қорын құрды. Оның мақсаты — Теннессидегі St. Jude Children's Research Hospital балалар ауруханасын қаржыландыру. 2013 жылы аурухана қордың 2006 жылдан бері аурухана үшін $6 миллион жинағанын хабарлады. Сол жылы, оған қоса, аурухана директоры Трамптың қорға $16.3 миллион қайырымдылық бергенін айтты.
Дональд Трамп сайлауалды науқандары
2016 жылғы науқаны
2015 жылғы 16 маусымда, Нью-Йорктегі Трамп-тауэрінде Дональд Трамп өзінің президенттікке баратынын жариялады. Эрик оның бас кеңесшілерінің бірі, қаржы жинаушысы, сайлауалды науқан мүшесі болды.
Қастандық теориялары және 2020 жылғы сайлауды жоққа шығару талпынысы

Трамп бірнеше қастандық теорияларын таратып жүреді.
2020 жылғы мамырдағы Fox News-қа берген сұхбатында Трамп COVID-19 пандемиясымен күресу үшін үйде болу туралы бұйрықтар демократтар жасаған, Джо Байденнің президент болып сайлануы үшін жасалған стратегия деген. Оның ойынша бұл шектеулер әдейі Дональд Трамптың үгіт митингілеріне жол бермеу үшін жасалған және сайлау біткен салысымен «коронавирус аяқ астынан жоғала салады».
2020 жылғы қыркүйекте Трамп Байденнің «телесуфлёр қолданғанын көрсеткен» жалған видеоны таратты.
Әкесінің 2020 АҚШ президент сайлауындағы жеңілісінен Эрик оны жоққа шығармақ болды, оның өтіріктігі жайлы жалған ақпарат таратты, Республикашыл депутаттарды да солай істеуге шақыртты. Ол, оған қоса, бір кезде әкесі Трамп жинаған дауыстарды «өрттенгені» бар жалған видео таратты.
Өз өмірі
2014 жылғы 8 қарашада, Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясында Трамп біраз уақыт бірге жүрген продюсер Лара Лея Юнаскаға үйленді. Жұптың тұңғышы, Эрик «Люк» Трамп есімді ұлы 2017 жылғы қыркүйекте дүниеге келсе, қызы Каролина Дороти 2019 жылғы тамызда туған.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 6 қаңтарда туғандар
- 1984 жылы туғандар
- Нью-Йоркте туғандар
- АҚШ кәсіпкерлері
- The Trump Organization қызметкерлері
- Дональд Трамп отбасы
- Дональд Трамп балалары