| Канада территориясы | |||||
| Юкон | |||||
| ағылш. Yukon | |||||
Юкон | |||||
| |||||
| Әкімшілігі | |||||
|---|---|---|---|---|---|
| Ел |
| ||||
| Кіреді | Солтүстік-батыс Канада | ||||
| Әкімшілік орталығы | Уайтхорс | ||||
| Премьер-министр | Сэнди Сильвер | ||||
| Комиссар | Анжелика Бернар | ||||
| Тарихы мен географиясы | |||||
| Координаттары | 63°00′00″ с. е. 135°00′00″ б. б. / 63.00000° с. е. 135.00000° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 63°00′00″ с. е. 135°00′00″ б. б. / 63.00000° с. е. 135.00000° б. б. (G) (O) (Я) | ||||
| Құрылған уақыты | 13 маусым 1898 | ||||
| Жер аумағы | 482,443 км² (4,8 %, 9 орын) | ||||
| Биіктігі · Ең биік |
| ||||
| Уақыт белдеуі | UTC−7:00 | ||||
| Ірі қаласы | Уайтхорс | ||||
| Экономикасы | |||||
| ЖІӨ · орын | CA$3.089 миллиард (2017) | ||||
| Тұрғындары | |||||
| Тұрғыны | 40,232 адам (2021)(0,1 %, 13 орын) | ||||
| Тығыздығы | 0.08 адам/км² | ||||
| Ресми тілі | |||||
| Сандық идентификаторлары | |||||
| ISO 3166-2 коды | CA-YT | ||||
| Пошта индекстері | YT | ||||
| Интернет-үйшігі | .yt.ca | ||||
Юкон (ағылш. Yukon [ˈjuːkɒn], фр. Yukon [ju.kɔ̃]) — Канаданың солтүстік-батысында орналасқан территория. Юкон Канаданың үш территорияларының ішіндегі ең кішісі және ең батыста орналасқан территория болып табылады. Сондай-ақ, 2021 жылғы халық санағы бойынша 40,232 тұрғынмен Юкон Канаданың халқы ең аз екінші провинциясы немесе территориясы болып табылады. Юконның астанасы Уайтхорс үш территориялардың ішіндегі ең ірі елді мекен болып табылады.
Сөз төркіні
Территория Юкон өзенінің атымен аталған, бұл өзен Юкондағы ең ұзын өзен болып табылады. Атаудың өзі Гвичин тіліндегі chųų gąįį han сөз тіркесінің қысқаруынан шыққан және «ақ сулы өзен» деген мағынаны білдіреді.
Демография
Халық саны
2016 жылғы халық санағы бойынша Юконның халық саны 35,874 құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 5.8 пайызға көп. 2011 жылы 474,712 км² жер аумағымен Юконның халық тығыздығы 0.1/km² құрады, бұл Канаданың үш территорияларының ішіндегі ең көп көрсеткіш. Канада статистикалық басқаруы Юконның 2021 жылғы 3-тоқсандағы халқын 43,095 деп бағалады, бұл 2016 жылғы санақпен салыстырғанда 17,5 пайызға көп. Бұл Канаданың кез келген провинциясы немесе территориясы үшін ең үлкен пайыздық өсім.
Ұлты
| # | Ұлт | Саны | Пайыз |
|---|---|---|---|
| 1 | Ағылшындар | 9,680 | 27.57% |
| 2 | Канаданың жергілікті халқы (Үндістер) | 8,665 | 24.68% |
| 3 | Канадалықтар | 8,640 | 24.61% |
| 4 | Шотландтықтар | 8,295 | 23.63% |
| 5 | Ирландықтар | 6,930 | 19.74% |
| 6 | Немістер | 5,575 | 15.88% |
| 7 | Француздар | 5,040 | 14.35% |
| 8 | Украиндар | 2,200 | 6.27% |
| 9 | Нидерландтықтар | 1,760 | 5.01% |
| 10 | Норвегтер | 1,380 | 3.93% |
Тілі
| # | Тіл | Халық саны | Пайыз |
|---|---|---|---|
| 1. | Ағылшын | 28,065 | 82.9% |
| 2. | Француз | 1,455 | 4.3% |
| 3. | Неміс | 805 | 2.4% |
| 4. | Тагаль | 425 | 1.3% |
| 5. | Каска | 265 | 0.8% |
| 6. | Солтүстік Тутчоне | 200 | 0.6% |
| 7. | Испан | 180 | 0.5% |
| 8. | Оңтүстік Тутчоне | 140 | 0.4% |
| 9. | Нидерланд | 130 | 0.4% |
| 10. | Қытай | 130 | 0.4% |
Діні
| Юкондағы діни сенімдер (2011 жылғы санақ) | ||
|---|---|---|
| Дін | Ұстанушылар саны | Жалпы халық санынан пайызы |
| Дінсіздер | 16,635 | 49.92% |
| Христиандар | 15,375 | 46.14% |
| Аборигендік діндер | 395 | 1.19% |
| Буддистер | 290 | 0.87% |
| Индустар | 165 | 0.5% |
| Сикхтар | 90 | 0.27% |
| Мұсылмандар | 40 | 0.12% |
| Иудейлер | 20 | 0.06% |
| Басқа діндер | 300 | 0.9% |
| Жалпы | 33,320 | 100% |
- Pages with disabled graphs
- Юкон территориясы
