Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Яспер Силлессен (нидер. Jasper Cillessen); туған күні 22 сәуір 1989, Грусбек қаласы - нидерландтық футболшы, "Лас-Пальмас" футбол клубының және Нидерланд ұлттық

Яспер Силлессен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Яспер Силлессен Футбол
Жалпы мағлұмат
Туған күні

22 сәуір 1989 (1989-04-22)(37 жас)

Туған жері

Грусбек, Нидерланд

Азаматтығы

Нидерланд

Бойы

185

Салмағы

83

Позиция

қақпашы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Валенсия

Номері

13

Жастар клубы
1996—2001 Де Трефферс
2001—2010 НЕК
Клуб карьерасы
2010—2011 НЕК 34 (0)
2011—2016 Аякс 101 (0)
2013—2014 Йонг Аякс 4 (0)
2016—2019 Барселона 5(0)
2019—2022 Валенсия 51 (0)
2022–2024 НЕК 62 (0)
2024— Лас-Пальмас 18 (0)
Ұлттық құрамы
2013—2023  Нидерланд 65 (0)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Яспер Силлессен (нидер. Jasper Cillessen); туған күні 22 сәуір 1989, Грусбек қаласы - нидерландтық футболшы, "Лас-Пальмас" футбол клубының және Нидерланд ұлттық құрамасының қақпашысы. 2014 жылдық Әлем Чемпионатының қола жүлдегері.

Клубтық мансабы

Де Трефферс және НЕК

Яспер Силлессен Неймегенде дүниеге келіп, жақын маңдағы Грусбек қаласында өскен. 2001 жылы ол жергілікті клубтың жастар құрамында ойнай бастады да, кейін НЕК жастар академиясына қабылданды. 2008 жылы ол НЕК клубымен бірінші кәсіби келісімшартқа қол қойып, резервтік командада ойнай бастады. 2010 жылы Силлессен НЕК клубымен 2012 жылдың маусымына дейін келісімге отырды.

Негізгі қақпашысы Габор Бабоштың жарақаттануына байланысты, Силлессен 2010 жылы 28 тамызда Херенвенге қарсы өткен ойында кәсіби дебютін жасады және кездесудің үздік ойыншысы атанды. Бабош жарақаттан сауығып оралған кезде де, Силлессен негізгі құрамда орнын сақтап қалып, НЕК клубымен тағы екі жылдық келісімшартқа қол қойды.

Аякс

Яспер Силлессен Аякс клубының сапында.

2011 жылдың 27 тамызында НЕК пен Аякс клубтары Силлессеннің амстердамдық клубқа ауысуы бойынша келісімге келгені хабарланды. Трансфер бағасы шамамен 3 миллион еуроны құрады. Ол Аякспен 2016 жылға дейінгі мерзімге бес жылдық келісімшартқа қол қойды.

Силлессен Аякс сапындағы алғашқы ойынын 2011 жылдың 21 қыркүйегінде, Нидерланд кубогының 2-ші кезеңінде Нордвейк командасына қарсы сырт алаңда өткізді. Ол толық матч ойнап, 66-минутта Сейбрен Бартлеманың соққан голына ғана жол берді. Бұл ойында Аякс 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Силлессен Нидерланд чемпионатындағы алғашқы ойының 2011 жылдың 23 қазанында Фейеноордқа қарсы өткізді. Ол 66-минутта негізгі қақпашы Кеннет Вермеер қызыл қағаз алып, алаңнан қуылғаннан кейін, Грегори ван дер Вилдің орнына ауыстырылды. Аякс он ойыншымен қалса да, Ян Вертонгеннің голынан кейін 1:1 есебімен тең нәтижені сақтап қалды.

Барселона

2016 жылдың 25 тамызында Силлессен Барселона футбол клубымен бес жылдық келісімшартқа қол қойды. Оның трансфер құны бастапқыда 13 миллион еуроны құрады, қосымша бонус ретінде тағы 2 миллион еуро қарастырылды. Ол командадан кеткен Клаудио Бравоның орнын басты. Бар болғаны үш жаттығудан кейін ол Ла Лигадағы алғашқы ойынын Алавеске қарсы өткізіп, бес соққының екеуін өткізіп алды. Ойын 1:2 есебімен аяқталды.

2016 жылы Барселонаға ауысқаннан кейін Силлессен Испания кубогында маңызды рөл атқарды. Ол 2016–17 және 2017–18 маусымдарында турнирдегі 18 ойынның 17-сінде негізгі құрамда алаңға шықты. Барселона екі маусым қатарынан осы трофейді ұтып алды.

2019 жылдың 30 қаңтарында Силлессен кәсіби мансабындағы алғашқы пенальтиін қайтарды. Ол бұл жетістікке Барселонаның Севилья клубын 6:1 есебімен жеңген ойында қол жеткізді. Бұл нәтиже Барселонаға екі ойын қорытындысы бойынша (6:3) Испания кубогының жартылай финалына шығуына мүмкіндік берді.

Валенсия

Яспер Силлессен Валенсия футбол клубы санында, 2019 жыл.

2019 жылдың 25 маусымында Силлессен Валенсия футбол клубымен төрт жылдық келісімшартқа қол қойды. Трансфер құны 35 миллион еуроны құрап, Силлессен клуб тарихындағы екінші ең қымбат ойыншыға айналды. Ол Валенсиядағы дебютін 2019 жылдың 17 тамызында Ла Лигада Реал Сосьедадқа қарсы өткен ойында жасады. Бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

НЕК футбол клубына оралу

Силлессен 2022 жылдың тамызында бұрынғы клубы НЕК-ке оралып, үш жылдық келісімшартқа қол қойды.

Лас-Пальмас

2024 жылдың 19 маусымында Силлессен Испанияның жоғары дивизионына оралып, Лас-Пальмас клубымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.

Ұлттық құрамадағы мансабы

Оның ұлттық құрамадағы алғашқы ойыны 2013 жылы 7 мауысымда Индонезияның ұлттық құрамасына қарсы өтті, сол ойында өз қақпасын құрғақ етіп қалдырды және 3:0 есебімен алғашқы жеңіске жетті. 2014 жылдық Әлем Чемпионатында өз құрамасының бірінші бағындағы қақпашысы болып аттанды. Бұл жарыста 7 ойын өткізіп, 4 гол өз қақпасына өткізді, ал Нидерландықтар қоланы ұтып, 3-ші орынға ойында Бразилия ұлттық құрамасын 3:0 есебімен жеңді.

Маусымдық статистикасы

Клуб Маусым Лига Кубок Еуропалық кубоктар Басқалар Барлығы
ЧемпионатОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдар
НЕК 2010–11 Eredivisie 31010——320
2011–12 Eredivisie 3000——30
Барлығы 34010——350
Йонг Аякс 2013–14 Eerste Divisie 30———30
2014–15 Eerste Divisie 10———10
Барлығы 40———40
Аякс 2011–12 Eredivisie 4030——70
2012–13 Eredivisie 50501000110
2013–14 Eredivisie 250107000330
2014–15 Eredivisie 3200010000420
2015–16 Eredivisie 33010100—440
2016–17 Eredivisie 200040—60
Барлығы 1010100320001430
Барселона 2016–17 Ла Лига 10801000100
2017–18 Ла Лига 10901000110
2018–19 Ла Лига 30701000110
Барлығы 502403000320
Валенсия 2019–20 Ла Лига 240006000300
2020–21 Ла Лига 10000——100
2021–22 Ла Лига 17000——170
Барлығы 510006000570
НЕК 2022–23 Eredivisie 32000——320
2023–24 Eredivisie 30020—10340
Барлығы 62020—10650
Лас-Пальмас 2024–25 Ла Лига 18000––180
Жалпы мансабында 2750360420103490

Жетістіктері

«Аякс»

  • Нидерланд Чемпионы (3): 2011/12, 2012/13, 2013/14
  • Нидерланд Суперкубогының иегері: 2013

«Барселона»

  • Испания Чемпионы (2): 2017/18, 2018/19
  • Испания кубогының иегері: 2016/17, 2017/18
  • Испания Суперкубогының иегері: 2018

Нидерланд ұлттық құрама командасы

  • 2014 Әлем Чемпионатының қола жүлдегері
  • 2018-19 УЕФА Ұлттар Лигасының күміс жүлдегері

Қызықты фактілер

  • Бүкіл мансабында бір рет болсын да,пенальти тепкісін қайтара алмады.
  • 2014 жылғы Әлем Чемпионатында Коста-Рикаға қарсы жартылый финал ойынында, пенальти тепкілерінің топтамасының алдында ауысты.
Жоғары