Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ғалия медресесі, Медресе Ғалия – Башқұртстанның Үфі қаласында 1872 жылы ашылған мұсылмандық жоғары діни оқу орны.

Ғалия медресесі

  • Басты бет
  • Ғалия медресесі

Ғалия медресесі, Медресе Ғалия – Башқұртстанның Үфі қаласында 1872 жылы ашылған мұсылмандық жоғары діни оқу орны.

Ғалия медресесі

Медреседе дін сабақтарымен қатар араб, парсы, түрік, орыс тілдері, шығыстану тарихы, химия, физика, математика, география, т.б. жаратылыстану ғылымдары оқытылған.

Оның ұйымдастырушысы түркі зиялысы Зия Қамали. Медресенің "Ғалия" (араб.: "ұлы", "мәртебелі"‎) аталуы оның жоғары дәрежелі ежелгі оқу орны екенін аңғартады. "Ғалия Медресесі" Еділ бойы, Орталық Азия, Қазақстан аумағына жоғары білімді оқытушы мамандар даярлаған прогресшіл бағыттағы білім ұясы болған. Онда дін сабақтарымен қатар араб, парсы, түрік тілдері, исламдық құқық (шариғат), шығыстану тарихы, арифметика, география, математикамен қатар орыс тілі мен әдебиеті де оқытылған. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында "Ғалия Медресесінде" көптеген талапкер қазақ жастары оқыған. Солардың ішінде М.Жұмабаев, Б.Майлин, Т.Жомартбаев, Ж. Тілепбергенов, М. Тұрғанбаев, А. Мәметов, Қ.0разбаев, И.Тасболатов, Ш.Назаров, Ғ.Тоқшарбеков, Ғ. Қамзин, Мұхамедғали Оразбаев, т.б. не бары 1913 жылы қазақтан 50 бала оқыған. Мұнда қазақ қыздары да оқыған. Медреседе жалпы 500-ге таяу шәкірт білім алған. "Ғалия Медресесіндегі" қазақ шәкірттерінің қаражатымен 1911 жылы "Әліппе яки төте оқу" атты қазақша оқулық, 1913 - 14 жылдан бастап Б.Майлиннің негіздеуімен Садақ атты журнал шығарған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Иса Мәсих

  • Наурыз 23, 2026

    Дәрумен

  • Наурыз 21, 2026

    Қысым

  • Сәуір 06, 2026

    Ілияс пайғамбар

  • Сәуір 04, 2026

    Алакөл ауданы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары