Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов (11 шілде 1968 жыл, Майское, Қарасу ауданы, Қостанай облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2023 жылғы қыркүйектен бергі Со

Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов

  • Басты бет
  • Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов

Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов (11 шілде 1968 жыл, Майское, Қарасу ауданы, Қостанай облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2023 жылғы қыркүйектен бергі Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. Оған дейін Нұрмұхамбетов бірнеше ай бойы Қостанай облысының атынан Сенат депутаты болған.

Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов
Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов
Нұрмұхамбетов, 2024 жыл
Лауазымы
Ту
Ту
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Ту
Ту
23 қыркүйек 2023 жылдан бастап
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Ізашары Айдарбек Сапаров
Ту
Ту
Сенат депутаты
Ту
Ту
16 қаңтар — 28 қыркүйек 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Ту
Ту
Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары
Ту
Ту
мамыр 2015 — 16 қаңтар 2023
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Қасым-Жомарт Тоқаев
Әкімі Нұралы Сәдуақасов
Архимед Мұхамбетов
Құмар Ақсақалов
Өмірбаяны
Білімі
  • Целиноград ауыл шаруашылығы институты (1992)
  • Челябі мемлекеттік университеті (2002)
  • Қостанай инженерлік-экономикалық университеті (2008)
Ғылыми дәрежесі экономика ғылымдарының кандидаты
Мамандығы
  • ғалым агроном
  • заңгер
  • экономист
Дүниеге келуі 11 шілде 1968 (1968-07-11) (57 жас)
Майское, Қарасу ауданы, Қостанай облысы, Қазақ КСР, КСРО
Балалары 3
Марапаттары
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Мазмұны

Білімі

Нұрмұхамбетов 1992 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «ғалым агроном» мамандығы бойынша, 2002 жылы Челябі мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша, 2008 жылы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «экономика бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдады. Ол — экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы

Нұрмұхамбетов еңбек жолын 1985 жылы Қостанай облысы Комсомол ауданы «Магнайский» совхозының № 1 бригадасының механизаторы болып бастады.

1992 жылдан 1994 жылға дейін ол Торғай облысы Октябрь ауданы Вильямс атындағы совхоздың бас агрономы болса, 1994 жылдан 1996 жылға дейін Қостанай облысы Қостанай ауданы «Московский» совхозының бас агрономы болды.

1996–1997 жылдары Нұрмұхамбетов — Қостанай облысы Комсомол ауданы «Боскольское» КК директоры, 1997–2002 жылдары ол — Қостанай облысы Таран ауданының әкімі.

2002 жылдан 2008 жылға дейін ол Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі болса, 2008–2009 жылдары Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімі болды.

2009 жылдан 2011 жылға дейін ол — Қостанай қаласы «Содружество» ЖШС бас директорының орынбасары, 2011 жылдан 2012 жылға дейін ол — Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі.

2012–2014 жылдар аралығында Нұрмұхамбетов Қостанай қаласының әкімі болды. 2014 жылдан 2015 жылға дейін ол — Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2015 жылдан 2023 жылға дейін ол Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2023 жылғы қаңтарда Нұрмұхамбетов Қазақстан Сенатының депутаты болып сайланды. Ол бұл қызметте 2023 жылғы қыркүйекке дейін болды.

2023 жылғы 23 қыркүйектен бастап ол Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Марапаттары

Нұрмұхамбетов Парасат орденімен, Ерен еңбегі үшін, Астана, Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл, Конституцияға 10 жыл, Тыңға 50 жыл, Астанаға 10 жыл, Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл медальдарымен, «Құрметті құрылысшы» төс белгісімен марапатталған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 10, 2026

    Лермонтов Михаил Юрьевич

  • Наурыз 22, 2026

    Сыбайлас жемқорлық

  • Сәуір 05, 2026

    Кариб теңізі

  • Сәуір 05, 2026

    Жанғыш газдар

  • Наурыз 21, 2026

    Тыныс алу

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары