| Қазақ шығанағы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Орташа тереңдігі | 13—15 м |
| Тұздылығы | 13—15 ‰ |
| Орналасуы | |
| 42°36′12″ с. е. 52°22′38″ ш. б. / 42.60333° с. е. 52.37722° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°36′12″ с. е. 52°22′38″ ш. б. / 42.60333° с. е. 52.37722° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Өзінен жоғары акватория | Каспий теңізі |
| Ел | |
| Аймақ | Маңғыстау облысы |
| Аудан | Қарақия аудaны |
Қазақ шығанағы – Каспий теңізіндегі шығанақ.
Орналасқан жері
Каспий теңізінің шығыс жағалаулық бөлігінде, Маңғыстау түбегінің оң түстік жағалауында. Маңғыстау облысы Қарақия аудaны жерінде, құрлыққа 46 км еніп жатыр.
Сипаты
Пішіні доға тәріздес, ені теңізге шығар жерінде 83 км. Орташа тереңдігі 13 – 15 м, ең терең жері 32 м. Жағалауы көтеріңкі келген. Шығысында Қазақ шығанағынан суы таяз Кендірлі бұғазы арқылы бөлінген Кендірлі қойнауы және Кендірлі (Ада) құмқайыры (ұзындығы 35 км) бар. Суының тұздығы 13 – 14‰. Жазда су беті 26 – 27°С-қа дейін жылынады, ал қыста 0°С-қа дейін суынады, 2 – 3 айдай жұқа мұз басады.
- Алфавит бойынша шығанақтар
- Маңғыстау облысы географиясы
- Каспий теңізі шығанақтары
- Қазақстан шығанақтары
