| Қайшы | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 51 км |
| Су алабының ауданы | 298 км² |
| Су алабы | Іле өзені |
| Өзендердің су алабы | Балқаш |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Қояндытау жотасының шығыс бөлігінің оңтүстік беткейіндегі бұлақтар |
| Сағасы | Айдарлы ауылына жетпей тартылып қалады |
| Орналасуы | |
| Ел | Қазақстан |
| Аймақ | Жетісу облысы Панфилов ауданы |
Қайшы – Іле алабындағы өзен.
Географиялық орны
Жетісу облысы Панфилов ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 298 км2.
Бастауы
Бастауын Қояндытау жотасының шығыс бөлігінің оңтүстік беткейіндегі бұлақтардан алып, Айдарлы ауылына жетпей тартылып қалады.
Гидрологиясы
Аңғары тар. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Көктемде суы мол, ағыны қатты. Шаруашылық қажетіне, егін суғаруға пайдаланылады.
Санаттар:
- Алфавит бойынша өзендер
- Іле су алабы
- Панфилов ауданы өзендері