Қалқа Жапсарбаев - 1886 жылы Талдықорған облысы, Киров ауданы, Карл Маркс атындағы колхозда туған. Қосшылар одағында, аудандық ұжымшар, кеңшар театрында, мәдени-үгіт бригадаларында жұмыс істеді (1938 — 1945), «Қалқаның әні», «Қалқаның желдірмесі», «Жайқоңыр» әндерін шығарды. Ертеректе Әжек, Құрама, Омарбек, Қайрақбай тәрізді ақындармен танысқан.
Жалайыр тайпасының Шуманақ руының Сыпатай бөлімінен шыққан.Жапсарбаева Қалқа (1886, Көксу ауданы, Мұқыр ауылы — 26.1.1975, сонда) — халық ақыны, композитор. Жас кезінен жыр-дастандарды жатқа айтып, өзі өлең шығара бастаған. Өзінің замандастары К.Әзірбаев, И.Жылқыайдаров, Ү.Кәрібаев, Е.Қандеков, Қ. Терібаев сынды ақындармен айтысқа түскен. "Орақ батыр", "Қарлығаш пен дәуіттің достығы", "Дана қыз", "Тұрлымбет туралы аңыз", "Партизан Шәймерден" т.б. дастандарын шығарып жырлады. Жапсарбаеваның "Сеңгірбаев Мұсабек" (1951), "Жайқоңыр" (1959), "Өлендер, айтыстар, дастандар" (1962), "Жетісу жырлары" (1970), "Елім, сені жырладым" (1996) атгы жинақтары жарық көрген. "Құрмет белгісі" орденімен марапатталган. Мұқыр ауылында Жапсарбаева есімімен аталатын көше, мектеп, мәдениет үйі бар. Осы ауылда ақынға ескерткіш орнатылған.
Шығармашылығы
Ұлы Отан соғысының түсы және одан кейінгі жылдар да Кенен, Үмбетәлі, Қуат, Ес дәулет, Иманжан секілді замандастарымен өнер жарыстырды. Өлең-жырларымен қатар, «Орақ батыр», «Дана қыз», «Қарлығаш пен Дәуіт», «Түрымбет туралы аңыз», «Партизан Шаймерден», «Мүсабек Сеңгірбаев» дастандары бар.
«Жайқоңыр» (1959), «Таңдамалылар» (1962), «Жетісу жырлары» (1970) жинақтарында топтастырылады. «Мүсабек батыр» дастаны 1951 жылы жеке кітап болып басылды.
Жетістіктері
«Қүрмет Белгісі» орденімен (1945) марапатталған. 1961 жылы «Қазақ КСР-інің халық ақыны» құрметті атағы берілген.
- Тұлғалар
- Қазақстан жазушылары
- Талдықорған облысы
- 1886 жылы туғандар