| Қаркенет шығанағы қырымтат. Karkinit körfezi, укр. Каркінітська затока | |
![]() | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Түрі | шығанақ |
| Тереңдігі | 36 м |
| Орташа тереңдігі | 10 м |
| Орналасуы | |
| 45°48′00″ с. е. 32°37′00″ ш. б. / 45.80000° с. е. 32.61667° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°48′00″ с. е. 32°37′00″ ш. б. / 45.80000° с. е. 32.61667° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Өзінен жоғары акватория | Қара теңіз |
| Елдер | |
| Аймақтар | Қырым, Херсон облысы |
Қаркенет шығанағы (қырымтат. Karkinit körfezi, Каркинит көрфези, укр. Каркіні́тська зато́ка) — Қырым түбегінің солтүстік-батыс жағалауы мен материктің жағалауы аралығындағы Қара теңіздің бөлігі. Құрлыққа 118,5 км кіреді. Батыс бөлігінің тереңдігі 36 м-ге дейін, шығысында 10 м-ге дейін жетеді. Қыстың қатты аязында қатады. Порт: Хорлы. Шығанақтың жағасында Красноперекопск қаласы және т.б. орналасқан.
Атауы
Сосногорованың 1871 жылғы жолнұсқаулығында орта ғасырларда итальяндықтар шығанақты Некропила (итал. Necropyla) — «өлі кіреберіс», ал түріктер оны Оду-Дениз — өлі теңіз деп атағаны туралы мәлімдеме бар. Абрахам Ортелиустың картасында шығанақ 1590 жылдың өзінде «Carcinites» деп белгіленген.
Табиғатты қорғау
Қаркенет шығанағындағы аралдарда ауданы шамамен 10 мың га және ұзындығы шамамен 8 км болатын табиғи қорық — Аққу аралдары бар, ал шығанақ акваториясы Қаркенет орнитологиялық қорықшасына кіреді.
Қаркенет шығанағының таяз суларымен қоршалған аралдар, өсімдіктер мен жануарлардың молшылығы, 240-тан астам түрін құрайтын суда жүзетін құстардың үлкен санын еліктіреді: (суқұзғындар, құтандар, шағалалар, үйректер, балшықшылар және т.б.) сыбырлақ аққу мен сұңқылдақ аққу – бұл аралдардың мақтанышы.
Жағалауы
Қаркенет шығанағына Тар, Жарылғаш, Бақал және Ор шығанақтары кіреді.
Шығанақ жағалауында Скадовск және Красноперекопск қалалары орналасқан. Қаркенет шығанағының жағалауында шомылу маусымы ертерек басталады, судың таяздығына байланысты мамыр айында теңіз жылынады.
Тарихы
1920 жылы 12 қарашада Ресейдің оңтүстігіндегі Әскери-теңіз күштерінің «Буг» қосалқы крейсері Ақмешіт аймағында дауылды ауа-райында жартасқа ырғып батып кетті. 1924 жылы 4 шілдеде тастардан алынып бұзуға берілді. 2005 жылы Бугқа тиесілі 75 мм зеңбірек теңіз түбінен көтерілді. Қазір бұл зеңбірек Балықлавадағы Әскери-теңіз даңқы мұражайында тұр.
- Алфавит бойынша шығанақтар
- Қырым шығанақтары
- Қара теңіз шығанақтары
- Херсон облысы шығанақтары
