Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қарқаралы округі — 1928-1930 және 1934-1936 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Қарқаралы округі

  • Басты бет
  • Қарқаралы округі

Қарқаралы округі — 1928-1930 және 1934-1936 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Округ
Қарқаралы округі
Әкімшілігі
Ел

 КСРО

Кіреді

Қазақ АКСР

Әкімшілік орталығы

Қарқаралы

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1928—1930, 1934—1936

Мазмұны

Округ 1928—1930 жылдары

Қарқаралы округі 1928 жылы 17 қаңтарда Семей губерниясының бір бөлігінен құрылды. Аудан орталығы Қарқаралы қаласы болды. Округ 7 ауданға бөлінді:

  • Абыралы ауданы. Орталығы — Үйтас шыңы.
  • Ақсары ауданы. Орталығы — Бесоба мекені.
  • Балқаш ауданы. Орталығы — Қарабұлақ мекені.
  • Берікқара ауданы. Орталығы — Милыбұлақ мекені.
  • Қу ауданы. Орталығы — Хлебородное ауылы.
  • Шет ауданы. Орталығы — Қайрақты мекені.
  • Шұбартау ауданы. Орталығы — Қотанемел мекені.

1929 жылдың жазында Балқаш ауданы Тоқырау ауданы болып өзгертілді. 14 желтоқсанда Ақсары ауданы таратылды.

1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтары сияқты округ таратылып, оның аудандары республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.

Округ 1934—1936 жылдары

1934 жылы 4 шілдеде Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының бөлігінен орталығы Қарқаралы қаласы болатын Қарқаралы округі құрылды. Ол 7 ауданға бөлінді:

  • Абыралы ауданы. Орталығы — Қайнар ауылы.
  • Баянауыл ауданы. Орталығы — Баянауыл ауылы.
  • Жаңаарқа ауданы. Орталығы — Атасу ауылы.
  • Қарқаралы ауданы. Орталығы — Қарқаралы қаласы.
  • Қоңырат ауданы. Орталығы — Ақтоғай ауылы.
  • Қу ауданы. Орталығы — Егіндібұлақ ауылы.
  • Шет ауданы. Орталығы — Ақсу-Аюлы ауылы.

1935 жылы 9 қаңтарда Абыралы ауданы Шығыс Қазақстан облысына қайтарылды.

1936 жылы 29 шілдеде Қарқаралы округі жойылып, аудандары Қарағанды облысына берілді.

Басшылары

Аудандық партия комитетінің басшылары

  • Сұлтанғалиев 1928-1929
  • Нұрсейітов Нұрғали 1933-1936

Әдебиет

  • Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 1500 таралым.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Ішкі теңіз

  • Сәуір 07, 2026

    Жәуміт тайпасы

  • Сәуір 05, 2026

    Жаңа Зеландия

  • Сәуір 08, 2026

    Шардара ауданы

  • Сәуір 08, 2026

    Байзақ ауданы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары