Қатутау жотасы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік сілеміндегі жота.
| Қатутау жотасы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | Жетісу (Жоңғар) Алатауы |
| Пайда болған кезеңі | палеозой және мезо-кайнозой |
| Ұзындығы | 45 км |
| Ені | 10-20 км |
| Биіктігі | 1630 м |
| Орналасуы | |
| 44°07′53″ с. е. 79°07′21″ ш. б. / 44.13139° с. е. 79.12250° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 44°07′53″ с. е. 79°07′21″ ш. б. / 44.13139° с. е. 79.12250° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Географиялық орны
Жетісу облысы Кербұлақ және Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Солтүстігінде Қоғалы тауаралық аңғарына, оңтүстігінде Достар және Ақтау таулары арқылы Іле аңғарына ұласады.
Абсолюттік биіктігі 1630 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 45 км-ге созылып жатыр, енді жері 10-20 км.
Геологиялық құрылымы, жер бедері мен өсімдігі
Қатутау жотасы жоғарғы палеозой және мезо-кайнозойдың құмтас, конгломерат, мергель, әктас шөгінділерінен түзілген. Делювийлі-пролювийлі тауаралық жазығының бозғылт қоңыр топырағында бұта аралас тасбұйырғын, бұйырғын, жусан, ши, т.б. өсімдіктер өседі.
Таудың тектоникалық көтерілуге ұшыраған орта бөлігінде бұлақтар көп.

