Қиыршық тастар — 1) табиғи түрінде кездесетін көп қырлы ұсақталған тау жыныстарының жиынтығы; 2) арнайы ұсатылған тастар, екі түрде кездеседі: а) кәдімгі қиыршық тас — жол құрылысында, темір жолды балластауға және (ауыр) бетон жасағанда қолданылатын ірілігі 5тен 10 мм-ге дейінгі ұсатылған табиғи тастар мен металлургиялық қоқыс; б) жеңіл қиыршық тас — жеңіл бетон жасауға қолданылатын ұсатылған кеуек тау жыныстары мен отын қоқыстары.
Санаттар:
- География
- Геология