Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қобда ауданы — Ақтөбе облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1929 жылы құрылған. Жер аумағы 14 мың км². Аудан орталығы – Қобда ауылы.

Қобда ауданы

  • Басты бет
  • Қобда ауданы

Қобда ауданы — Ақтөбе облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1929 жылы құрылған. Жер аумағы 14 мың км². Аудан орталығы – Қобда ауылы.

Қазақстан ауданы
Қобда ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Ақтөбе облысы

Аудан орталығы

Қобда

Ауылдық округтер саны

16

Ауыл саны

31

Әкімі

Ізгілік Досмұратұлы Тынымгереев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Қобда ауылы, Астана көшесі, №48

Тарихы мен географиясы
Координаттары

50°09′36″ с. е. 55°39′00″ ш. б. / 50.16000° с. е. 55.65000° ш. б. / 50.16000; 55.65000 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°09′36″ с. е. 55°39′00″ ш. б. / 50.16000° с. е. 55.65000° ш. б. / 50.16000; 55.65000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1929

Жер аумағы

14 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

15 977 адам (2023)

Тығыздығы

1,1 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар (82,22%), орыстар (10,55%), украиндар (4,13%), немістер (1,09%), басқалары (2,01%)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71341

Пошта индексі

031000-031018

Автомобиль коды

04

Қобда ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Қобда ауданы

Облыс картасындағы Қобда ауданы

Мазмұны

Географиялық орны

Аудан оңтүстігінде Ойыл, Темір, шығысында Мәртөк, Алға, батысында Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі.

Жер бедері

Қобда ауданының жерінің басым бөлігі үстіртті жазық, оңтүстік-батыс бөлігі төбелі-белесті, мұнда әктас, сазды тақтатастан құралған Ақшатау тауы (абсолюттік биіктігі 245 м), оңтүстігінде Әбді тауы (304 м) орналасқан. Ауданның ең биік жері - Құмсай ауылынан оңтүстік-батыста орналасқан тау (324 м). Шығысы мен оңтүстігі бұйратты. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған.

Климаты

Климаты тым континеттік, қаңтар айының жылдық орташа температурасы -14-16°С, шілдеде 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250-300 мм.

Топырағы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі

Жері негізінен карбонатты қызғылт қоңыр топырақты, оңтүстігінде қиыршықты бозғылт қоңыр топырақты. Үлкен Қобда өзенінің аңғарында шалғынды қоңыр топырақ қалыптасқан. Өсімдік жамылғысы қара жусан аралас бетеге, қызғылт қау, боз, т.б. әр түрлі ксерофитті шөптерден тұрады. Жануарлардан - қасқыр, түлкі, қоян, борсық, қарсақ, сарышұнақ, суыр; құстардан - дуадақ, тырна т.б. мекендейді.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 25113 ▲25804 ▲35258 ▼21052 ▲36865 ▼27636 ▼19591 ▼18282

Тұрғындар саны 18623 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (81,92%), орыстар (10,53%), басқалары (7,55%).

Әкімшілік бөлінісі

Аудан аумағындағы 31 елді мекен 16 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)
Ақырап ауылдық округі Ақырап ауылы 1 ▼607
Бегалы ауылдық округі Бесқұдық ауылы 1 ▼1000
Бестау ауылдық округі Бестау ауылы 1 ▼483
Бұлақ ауылдық округі Әлия ауылы 2 ▲1163
Жарсай ауылдық округі Жарсай ауылы 3 ▼589
Жарық ауылдық округі Жарық ауылы 4 ▼469
Жиренқопа ауылдық округі Жиренқопа ауылы 1 ▼577
Иманғали Білтабанов ауылдық округі Иманғали Білтабанов ауылы 3 ▼768
Исламғали Құрманов ауылдық округі Бегәлі ауылы 2 ▼625
Қобда ауылдық округі Қобда ауылы 2 ▲6093
Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылы 2 ▼490
Өтек ауылдық округі Өтек ауылы 2 ▼419
Сарыбұлақ ауылдық округі Сарыбұлақ ауылы 1 ▼502
Сөгәлі ауылдық округі Көк үй ауылы 3 ▼369
Талдысай ауылдық округі Талдысай ауылы 1 ▼903
Терісаққан ауылдық округі Терісаққан ауылы 2 ▼949

Ірі елді мекендері

Атауы Халқы
(2021)
Қобда (Новоалексеевка) ▲5943
Әлия (Алпайсай) ▲1011
Бесқұдық (Калиновка) ▼1000
Талдысай ▼903
Терісаққан (Успеновка) ▼636
Ақырап ▼607
Жиренқопа ▼577
И. Білтабанов (Хабаловка) ▼534
Сарыбұлақ ▼502

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 1,357 млн га, егістік 67,5 мың га, шабындық 18 мың га, жайылым 119,6 мың га (2009). Аудан жерімен Орал-Ақтөбе, Мәртөк-Ойыл автомобиль жолдары өтеді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Болгар тілі

  • Сәуір 03, 2026

    Термодинамикалық фаза

  • Сәуір 04, 2026

    Тіласты безі

  • Сәуір 03, 2026

    XV ғасыр

  • Сәуір 06, 2026

    Текес (өзен)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары