Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Сырт пішіні қасқырға ұқсас жыртқыш, артқы аяқтары қысқарақ, алдыңғы аяқтары ұзын, сондықтан денесінің алдыңғы жағы биік. Қорқау қасқырдың 3 туысқа жататын 4 түр

Қорқау қасқыр

  • Басты бет
  • Қорқау қасқыр

Қорқаулар (лат. Hyaenidae) – сүтқоректілер класы, жыртқыштар отрядының бір тұқымдасы.

Қорқаулар
Қазбалық ауқымы: 26–0 Ma
ПреК

К
О
С
Д
Кр
П
Т
Ю
Б
Пг
Н
Төменгі миоцен-recent
Қорқаулар: Теңбіл қорқау қасқыр, Қоңыр қорқау, Жолақты қорқау және топырақ қасқыры
Қорқаулар: Теңбіл қорқау қасқыр, Қоңыр қорқау, Жолақты қорқау және топырақ қасқыры
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жыртқыштар
Кіші сабы: Мысықтәрізділер
Тұқымдасы: Hyaenidae
Джон Эдуард Грей, 1821
Туыстары
  • Теңбіл қорқау
  • Қорқау
  • Топырақ қасқыры
Синонимдері
  • Protelidae Flower, 1869


Сырт пішіні қасқырға ұқсас жыртқыш, артқы аяқтары қысқарақ, алдыңғы аяқтары ұзын, сондықтан денесінің алдыңғы жағы биік. Қорқау қасқырдың 3 туысқа жататын 4 түрі Африка, Оңтүстік-Батыс Азияда, Орталық Азия мен Кавказ бойында шөл, шөлейт, тоғайы сирек жерлерде кездеседі.

Денесінің ұзындығы 55 – 165 сантиметр, құйрығының ұзындығы 20 – 33 сантиметр, салмағы 10 – 80 килограмм. Басы үлкен, мойны жуан, құлақтары үлкен, жұмырланып тұрады. Мойнының үстіңгі жағында, иық тұсында қылшықты жалы бар. Тістері өте өткір. Тілінде де қатты мүйізді өскіндері бар. өлпанының (жүнінің) түсі қара қоңыр, кей түрінде жолағы немесе дақтары болады. Қорқау қасқыр жеке, кейде жұп құрып немесе топтанып тіршілік етеді. Қорегін түнде аулайды, көбіне өлексемен қоректенеді.

Жылына 1 рет күшіктейді. Буаздық мерзімі 90 – 110 күн, көбінесе 2 – 4 (сирек 6), әлжуаз, соқыр күшік табады.


Зоологиялық бақтарда 25 жылдай тіршілік етеді. Қорқау қасқырдың 1 түрі мен 1 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Арканзас (өзен)

  • Сәуір 03, 2026

    Жаңасемей ауданы

  • Наурыз 14, 2026

    Қырғи қабақ соғысы

  • Сәуір 04, 2026

    Шумер жазуы

  • Наурыз 13, 2026

    Менің атым Қожа (фильм)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары