Қос нүкте (:) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Қос нүкте сөйлемнің синтаксистік ерекшеліктері мен мағынасына байланысты қойылады. Қос нүктенің сөйлемдегі басты қызметі - сөйлем мүшелерінің арасындағы түрлі қарым-қатынастарды көрсету.
| : |
|---|
| апостроф ( ’ ' ) |
| Сөз аралық бөлу |
| бос орындар ( ) ( ) ( ) |
| Жалпы типографика |
| «және» таңбасы ( & ) |
| Жалпы емес типографика |
| көп жұлдызша ( ⁂ ) |
Қойылу жағдайлары
Қос нүкте мынадай жағдайларда қойылады:
- Бірыңғай мүшелердің алдынан жалпылауыш сөздер немесе жалпылауыш мәнді сөздер келетін болса, жалпылауыш сөздерден соң қос нүкте қойылады.
- Жалғаулықсыз салаласқан жай сөйлемдердің алдыңғысының мағынасы соңғы жай сөйлемдер арқылы айқындалып тұратын болса, мұндай жай сөйлемдердің арасына қос нүкте қойылады.
- Рет-ретімен санамалап баяндауды керек ететін жалпылауыш мәнді сөздерден соң қос нүкте қойылады.
- Төл сөздің алдынан автор сөзі келгенде, одан соң қос нүкте қойылады.
- Түйген ойды, қағидаларды, ережелерді дәлелдеу мақсатымен алынған сөйлемдердің алдында мысалы деген сөз қолданылатын болса, одан соң қос нүкте қойылады.
- Бірыңғай мүшелердің алдынан басқа, бөлек, атап, айтқанда, тәрізіді сөздер келіп, баса назар аудару мәнінде қолданылса, бұл сөздерден соң қос нүкте қойылады.