| Қошқарбай | |
|---|---|
![]() Қошқарбай өзенінің орта ағысы | |
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 49 км |
| Су алабының ауданы | 524 км² |
| Су алабы | Шағалалы өзені |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Зеренді таулары және Байөтер тауы етегіндегі бұлақтар |
| • Координаттары | 52°58′16″ с. е. 69°26′53″ ш. б. / 52.97111° с. е. 69.44806° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Шағалалы өзені |
| • Орналасқан жері | Кеңөткел ауылы маңы |
| • Координаттары | 53°04′07″ с. е. 69°00′02″ ш. б. / 53.06861° с. е. 69.00056° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 53°04′07″ с. е. 69°00′02″ ш. б. / 53.06861° с. е. 69.00056° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | Қазақстан |
| Аймақ | Ақмола облысы Зеренді ауданы |
Қошқарбай – Шағалалы алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақмола облысы Зеренді ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 49 км, су жиналатын алабы 524 км2, жалпы ұзындығы 90 км болатын шағын 30 саласы бар.
Бастауы
Бастауын Зеренді таулары және Байөтер тауы етегіндегі бұлақтардан алып, Кеңөткел ауылы маңында Шағалалы өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы
Жоғарғы ағысы және төменде (сағасында) сайлы-жарқабақты жермен ағады. Негізінен жер асты суымен толығады. Арнасында жыл бойы су болады.
Өсімдігі
Қошқарбай тауы маңында сол жағалауында қарағай, қайың, көк теректен тұратын орман қалыптсақан. Жағалау бойы шабындыққа пайдаланылады. Біршама жері егістікке жыртылған.
Санаттар:
- Алфавит бойынша өзендер
- Зеренді ауданы өзендері
